Елена Сухорученко жұмыстан тыс қуыршақтар жасаумен айналысады

 

asdas   

Оның ойыншық тоқуға деген құштарлығы бес жыл бұрын немересінің мысықты тоқуды сұрауынан басталды (немересі - бұл жануарлардың үлкен жанкүйері).

Елена интернеттен схемалар көріп алады. Бұрын ол ілмекпен жақсы тоқитын еді, сол пайдаға асты. Тым жақсы мысық шықты.

- Бұл процесс маған қатты ұнағаны соншалық, әрі қарай тоқи бастадым. Ілмекпен тоқитын қуыршақты «амигур» деп атайды екен. Маған кәдімгідей ұнай бастады.

dwdwd

Қуыршақ жасау да оңай шаруа емес екен. Жүннен, синтепоннан, капроннан жасалған әртүрлі бөлшектерді біріктіріп, көп сағат мұқият жасалатын іс, үлкен шыдамдылықты қажет етеді. Бірақ ең қиыны – болашақ қуыршақтың бейнесін ойлап табу: бет әлпеті, шаш үлгісі, киім, зергерлік бұйымдар деген секілді.

- Бірінші қуыршағымда жиеніме арнадым. Мен әр бөлшекті ойланып, материалдарды таңдадым. Тіктім, ілмекпен, инемен тоқыдым, - дейді ісмер. - Бұл қуыршақтың есімде қалғаны, ол бірінші болатын.

Енді Ленаға қуыршақ жасау үшін күрделілігіне байланысты үш-он күн жеткілікті. Ойыншықты шынымен кәсіби түрде жасау үшін Лена табиғи материалдарды қолдануға тырысады: мақта, жүн, жақсы акрил. Осы жылдар ішінде ол немерелеріне, туыстарына, таныстарына сыйлық ретінде көптеген ойыншықтар тоқыды.

- Егер сіздің еңбегіңіз жақындарыңызды қуантатын болса, соның өзі қуаныш емес пе. Менің хоббиім маған өте ұнайды. Мұны үйрену соншалықты қиын емес. Алдымен тіге білсеңіз, міндетті түрде шыдамдылықты қажет етеді, ең бастысы – әр жұмысыңызды сүйсіне жасау. Өйткені, қуыршақ мейірімділік, махаббат пен жылулықтың мерейін беруі тиіс деп ойлаймын.