Жұдырықтай жұмыла білген ұжым

    

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-дағы №1 энергетикалық жабдықтарды жөндеу цехы (1-ЭЖЖЦ) – «Энергожөндеу» ӨЖК негізгі буыны. Мұнда станцияның энергетикалық жабдықтарының үйлесімді жұмысына жауапты адамдар жұмыс істейді. Бүгін біз цехтың жұмысшыларымен танысуды бастаймыз.

1K5A5133

 

Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-республикамыздағы ең көне станциялардың бірі. Былтыр 2020 жылы 85 жыл толды. 2017 жылдан бастап станция табиғи газбен жұмыс істейді. Цехтың негізгі міндеттері энергетикалық жабдықты күрделі, ағымдағы, алдын-алу және апаттық жөндеу және оған жөндеу-техникалық қызмет көрсету болып табылады. Цех құрамына жеті бөлімше кіреді (қазандық және турбиналық жабдықтарды жөндеу жөніндегі учаскелер, жылу автоматикасы және өлшеу құралдары жөндеу, қазандық тазалау және жылу оқшауламаларын жөндеу жөніндегі учаскелер, сондай-ақ жалпы цехтық қызмет көрсетуші персонал). Цех ұжымында 137 адам еңбек етеді. Оның ішінде 20 инженер-техник және 117 жұмысшы.

Цех бастығы Бейбіт Мақсұтов бұл жерде кадр тұрақталғанын атап өтті. Тек басқа қалаға көшуге байланысты жұмыстан кету немесе зейнетке шығу себептері ғана орын алады.

– Бізде қалыптасқан ұжым. Бұл біздің екінші отбасымыз, – деді Бейбіт Мақсұтов. – Ұжымда біраз жылдан бері келе жатқан жұмысшылар көп. Бізде тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары мамандар еңбек етеді.

 

Бес саусағынан өнер тамған шебер

Бейбіт Мақсұтов - білікті де білгір маманның бірі. 2017 жылы Ақтөбе ЖЭО басшылығының өтініші бойынша, Реттеу және діріл зертханасының жетекші инженері Сергей Лапинмен бірге турбоагрегатты жөндеу мен іске қосуға іссапарға жіберілді. Ақтөбе ЖЭО-да реттеу жүйесінде елеулі мәселелер туындаған болатын. Өз ісінің шеберлері Бейбіт Мақсұтов пен Сергей Лапин, келесі күні таңғы сағат алтыда жергілікті қызметкерлермен бірлесіп турбинаны іске қосты. Олар тапсырманы уақытында орындады.

1K5A5182

  

Бейбіт Мақұтов энергетикада 26 жыл жұмыс істейді. Еңбек жолын 1995 жылы А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО қазандық цехында қосалқы жабдықты жөндеу жөніндегі 2-разрядты слесарі болып бастады.

- Мен адамдармен көп жұмыс істеймін. Бізде үлкен, әрі ұйымшыл ұжым. Маған адамдармен араласқан, мәселелерді шешіп, жаңа технологиялар мен жабдықтарды игерген ұнайды. Әр шаңыраққа сыйлаған жарық пен жылу, жайлылықты көргенде, жұмысымыздың нәтижесіне қуанамыз. Станцияның әр жабдығының өзіндік сипаты бар деп санаймын.Әр жабдыққа өзінің ыңғайы бар, әсіресе жөндеу жұмыстарынан кейін жұмыс істеген қызықты, өйткені жаңа деммен ұжым үйлесімді жұмыс істей бастайды, - деп бөлісті Бейбіт Мақсұтов.

 

Мамандықтың жаманы жоқ

Наталья Алакушукова 1981 жылдан бастап энергетикада 40 жылға жуық еңбек етуде. Оның айтуынша, энергетик болу туа біткен қасиет емес, оған білім, тәжірибе арқылы жету керек!

1K5A5271

- Мен әрқашан дәрігер болуды, адамдарды емдеуді, олардың ризашылығын алып, қуанышты жүздерін көруді армандайтынмын, - деді Наталья Аутовна, сөйтіп мен энергетикаға ойламаған жерден келдім. Бірақ осы уақыт аралығында өз ісімді ұнататынымды, таңдауыма еш өкінбейтінімді түсіндім. Мен-оқшауламашымын, білікті жұмысшымын, құрылыс конструкцияларын, құбырлар мен технологиялық жабдықтарды қоршаған ортаның зиянды әсерінен оқшаулау жөніндегі жұмыстарды орындаймын. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты-жылуды сақтау. Мен «жабдықты емдеймін» десе де болады.

Наталья Аутовна құрылғылар мен жабдықтардың ақаусыз, дұрыс және сенімді жұмыс істеуін, туындаған мәселелердің уақтылы және сапалы жойылуын қатаң қадағалайды. Оның пікірінше, жұмыста ең бастысы-жауапкершілік. Жауапкершіліктің тиімді жұмыс істеу мен нәтижеге қол жеткізу үшін маңызы өте зор. Станциядағы Наталья Аутовна үшін ең құнды нәрсе-ортақ мақсатқа жетуді көздейтін ұйымшыл ұжым.

- Станция - бұл менің ерекше жұмыс орным, онда мен өзімді жақсы, әрі жайлы сезінемін. Тек өз ісін тапқан адам ғана жұмысынан үлкен қуат алады, - деп жалғастырды Наталья Аутовна. –Өз ісіңді ұнатсаң, жұмысқа да қуана барасың.

 

 

 

Өз ісінің шебері

№1 қазандық жабдықтарын жөндеу учаскесі (1-ҚЖЖУ) цехтың негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Учаске қызметкерлері станцияның қазандық цехының жабдықтарын жөндеумен және техникалық қызмет көрсетумен айналысады.

Осы учаскенің бастығы Алексей Ляцердің айтуынша, ЖЭО - да жұмыс істеу үнемі ізденушілік пен білімді талап етеді. Шынында да, жабдықты пайдалануды, оның ұзақ қызмет ету технологиясын мұқият зерттеу қажет.

Scan 20210223 160916

Алексей Евгеньевич станцияда 27 жыл, энергетикадағы үздіксіз өтілі-37 жыл. Оның қарамағында 59 адам еңбек етеді.

- Ең бастысы-бұл қауіпсіз жұмыс, яғни қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасау, жазатайым оқиғаларды болдырмау, негізгі және қосалқы жабдықтардың апатсыз жұмысы, - деп бөлісті Алексей Евгеньевич. - Менің жұмыс күнім таңғы сағат жетіде қазандық цехының жабдықтарының ақау журналдарын және вахта қызметкерлерінің жұмысын көруден басталады. Әрі қарай, мен бригадалар арасында жұмысты бөлумен, жұмысқа қатысу табелін тексерумен айналысамын. Мен әртүрлі қызмет салаларында құжаттармен көп жұмыс істеймін: қызметкерлермен, ҚТ және ЕҚ-мен, техникалық мәселелермен, МБЖ және т. б.

1K5A5089

Алексей Евгеньевич кез-келген жұмысқа тиянақты, тапсырылған іске жауапкершілікті сезіну керек деп санайды. Мен жас ұрпаққа қиын жағдайларда ұжымдық жұмыстың үйлесімділігі туралы мысалдар жиі келтіремін. Мысалы, 1997 жылдың көктемінде 1-АЖЭО күл үйіндісіндегі су деңгейі шекті деңгейге жеткенде, толып кету қаупі туындады. Бірнеше күн бойы мен басқарған «Энергожөндеу» ӨЖК бригадасы бөгет беткейіне жаңа құбыр орнатып, апатты жағдайды жойып, су деңгейін төмендете алдық. Ал 2017 жылдың желтоқсанында қазандықтағы фестон құбырының жарылуы нәтижесінде қазандық жедел жөндеуге шығарылды. Төбелік бу қыздырғыш құбырларының 30% - дан астамы зақымдалған. Қалыпты жағдайда жөндеу кем дегенде бір айға созылатын еді, қаптау және жылу оқшаулау, бу қыздырғыш құбырларын, фестондарды, жақтауды, қаптаманы және басқа жұмыстарды ауыстыру бойынша үлкен жұмыстар қажет болды. Біз тәулік бойы жұмыс істедік, басқа учаскелерден қосымша қызметкерлер жұмылдырылды. Қысқа мерзімде қазандық-құрастыру цехының мамандары жедел түрде жаңа бу қыздырғыш жасап, сапалы жұмыс атқарды. Жөндеу жұмыстары 15 күн ішінде жоғары сапада орындалды және қазандық іске қосылды.

Қажет маман

Еңбекті ұйымдастыру және нормалау инженері кез-келген өндірістік кәсіпорынның негізгі қызметкерлерінің бірі болып саналады. Ол цех қызметкерлерінің жалақысын есептеуге, еңбек жөніндегі есептерді дайындауға, жұмыс уақытының статистикасына жауап береді.

2010 жылы «Энергожөндеу» ӨЖК-ң станциясына еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі инженер Меруерт Әміреева жұмысқа орналасты.

 

1K5A5230

Меруерттің пікірінше, жұмысты жақсы атқаруға қызығушылық, мақсаттылық, ішкі уәждеме және жауапкершілік үлкен рөл атқарады. Өйткені, ұйымдастыру және стандарттау жөніндегі инженер өз жұмысының мақсаттары мен міндеттерін нақты көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізу керек. Еңбекті нормалау бойынша табысты қызмет үшін аналитикалық ойлау қасиеті маңызды. Бұл нағыз кәсибілікті қарапайым маманнан ерекшелейтін ықтимал тәуекелдерді анықтау, себеп-салдарлық байланыстарды табу мүмкіндігі.

 

 

Қиындыққа мойымау

Кейде үйреншікті , жайлы жерден шығу керек, деп санайды турбина жабдығын жөндеу учаскесінің шебері Нұржан Абдуллаев.

1331

     

– Мен алғаш рет 2019 жылы үйренген жайлы жерден шығып, өміріме өзгерістерге қадам жасар алдында Шыңғысханның «Қорықсаң – жасама, жасап жатып қорықпа» деген қанатты сөзін қайталай бердім. Сол кезде мен қазандық цехының II санатты инженер-технологынан А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО жөндеу-құрылыс цехының жетекші инженеріне ауыстым.

Екінші рет 2020 жылы мен «Энергожөндеу» ӨЖК станцияның қазандық цехының I санатты инженер-технологынан 5-разрядты слесарь болып ауыстым. Содан кейін шебердің м.а. болдым, ал қазір шебер болып жұмыс істеймін.

Нұржан энергетикада 11 жыл еңбек етуде. 2010 жылы оны А.Жақұтов атындағы                 2-ЖЭО қазандық цехына 4-разрядты бағерлік сорғы моторшысы болып жұмысқа қабылдайды. Сол кезде ол Алматы энергетика және байланыс институтының «жылу энергетикасы» мамандығы бойынша 4-курс студенті болатын. Вахтада жұмыс істеді. Сол жылы «АлЭС» АҚ есебінен оқу бағдарламасының арқасында АЭжБУ магистратурасына түсіп және оны сәтті аяқтады. Кешкі оқуға түсті. Нұржан өндірістен қол үзбей оқыды.

1K5A5196

  

- Мен біздің компанияға, қазандық цехының ауысым бастығы Нұртаз Исмаилұлы Ысқақовқа, сондай-ақ қазандық жабдығының аға шебері Рахматжан Амутовқа түсіністік пен қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. 2013 жылдан бастап «АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсендісімін. Осы уақыт ішінде біз көптеген іс-шаралар, форумдар ұйымдастырдық, сондай-ақ әртүрлі тренингтерге қатыстық. Онда мен көптеген достар таптым.

Нұржан жұмыстан бос уақытында хайкингпен айналысады. Бұл таулы жерлерде серуендеу. Таулар, табиғат оған бір аптаға қуат береді.

                                                                                                                             Жалғасы бар.