Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да вахталық жиналыстар

2021 жылдың ақпан айының басында Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да жыл сайынғы вахталық жиналыстар өтті. Барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, жиналыс ақпан айының 2,4,9 және 11 күндері өтті. Бөлімше басшылары станция жұмыскерлеріне есеп берді.

- 2020 жыл станция үшін сәтті жыл болды. 2020 жылы электр энергиясының жылдық жоспарынан 127% - ға және жылу энергиясы жоспарынан 128% - ға артық өндірілді, - деп атап өтті ӨТБ бастығы Айбек Шаяхметов. - Жоспардың асыра орындалуы станцияның кеш тоқтауымен және күзгі-қысқы кезеңнің ерте іске қосылуымен байланысты, сондай-ақ Алматы қаласының орташа жылдық температурасы климатологиялық анықтамалықтың деректерімен салыстырғанда 2,40 С төмен болды. Табиғи газды жағуға көшкеннен кейін электр және жылу энергиясын тұтыну бойынша станцияның өз қажеттіліктері төмендеді. 2020 жылы Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО жұмыскерлері сегіз өнертабыстық ұсыныс жасады. Олардың үшеуі 2020 жылы жүзеге асты.

Кадр бөлімінің бастығы Арайлым Айдаболова станцияның кадр персоналы туралы мағлұмат берді. 2020 жылы 1-ЖЭО-да 370 адам жұмыс істеді. 2020 жылы кадрдың тұрақтамауының жалпы пайызы 3% - ды құрады. «АлЭС» АҚ қызметкерлерді дайындау бөлімінде 397 жұмыскер қашықтықтан оқытудан өтті, басқа мекемелерде 569 адам біліктілігін арттырды.

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі аға инспектор Александр Кан өз баяндамасында станцияда 1-ші дәрежелі апаттар мен істен шығулар тіркелмегенін атап өтті. Табиғи газды жағуға көшуге байланысты жабдықтың істен шығу саны азайды.                                                         Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инспектор Лайля Оразбаеваның айтуынша, 2019 және 2020 жылдары станцияда жазатайым оқиғалар болған жоқ. Денсаулық сақтау пункті жұмыс істейді, онда станция мен мердігер ұйымдардың барлық жұмыскерлеріне дәрігерге дейінгі көмек көрсетіледі. ЖРВИ және тұмау ауруларының пайда болуы мен таралуының алдын-алу мақсатында персоналға екпе жүргізілді.

3

Жөндеу шығындары, жүргізілген жөндеу көлемі, сондай-ақ негізгі жабдықтың жұмысы туралы бас инженер Алексей Ким айтты. Т.Жақыпова станцияның кәсіподақ істері туралы есеп берді.

Басқарушы директор Исахан Сырғабаев 1-ЖЭО-ға ҚР энергетигі Б.Оразбаевтың есімін беру туралы айтып берді.

- Оразбаев Бірлік Есіркепұлы сауатты да, зиялы тұлға және өз ісінің маманы болған. Б.Оразбаев мектебінен өткеніме тағдырыма ризамын, - деді И.Сырғабаев. - Б.Оразбаев еңбек жолын 1-ЖЭО-да қарапайым машинис қараушыдан бастады. Ол Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің вице-министріне дейін кәсіби өсудің барлық сатыларынан өтті. Жоғары лауазымдарды атқара отырып, Б.Оразбаев әрдайым жастардың кәсіби дайындығына ерекше көңіл бөлді.

Жиын соңында Басқарушы директор Исахан Сырғабаев станцияның барлық жұмыскерлеріне үйлесімді жұмысы үшін алғыс айтып, зор денсаулық, апатсыз жұмыс, барлық бастамаларына сәттілік тіледі.