Алматы 1-ЖЭО 2017 жылдан бері газбен жұмыс істейді

Қазақстандағы ең көне станциялардың бірі 1-ЖЭО бекітілген мерзімнен бір ай бұрын жабдықты іске қосты. Мұның себебі, қыркүйек айындағы сыртқы температураның төмендеуі болды. Электр станциясының барлық негізгі және қосалқы жабдықтары жұмысқа қосылуға және қажетті жүктемені алуға дайын.

Станция бастығының генераторды желіге қосуы 

Жөндеу компаниясы кезінде алты энергетикалық қазандық, жеті су жылыту қазандықтары, барлық қосалқы жабдықтары бар үш турбогенератор жөнделді. 2017 жылдан бастап  1-ЖЭО табиғи газбен жұмыс істеп келеді.

Басқарушы директордың таңертеңгі тексеруі

Биыл Алматы 1-ЖЭО 85 жылдығын атап өтуде. Алматы орталық электр станциясының (Қазіргі 1-ЖЭО) бірінші кезегін жобалау және құрылысы 1931 жылы басталды. Ал 1935 жылы 25 қазанда алғашқы агрегат өнеркәсіптік жүктемеге қойылды. 1936 жылы 1,8 млн кВт/сағ электр энергиясы өндірілді. Бүгінгі таңда бұл электр энергиясын өндіру станцияның күнделікті жұмысына тең. Алғаш рет Алматы 1-ЖЭО жылу энергиясын 1961 жылы өндірді.

Қазан агрегаттарын іске қосу

- Станция ұжымы Алматы қаласының тұрғындарын жарық пен жылумен қамтамасыз ету үшін қажетті жүктемені көтерудің маңыздылығын түсінеді. 2020-2021 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне барлық негізгі және қосалқы жабдықтар жұмысқа дайын,-деп атап өтті 1-ЖЭО Басқарушы директоры Исахан Сырғабаев.

Станцияның ауысым бастығы

Бүгінгі таңда 1-ЖЭО  37 829 млн кВт/сағат электр энергиясын және 153 млн Гкал жылу энергиясын өндірді.