Мен станцияны іске қосуға қатыстым…

Анатолий Сергеевич Сизов Алматы 2-ЖЭО-да 41 жыл еңбек етті.

Орта мектепті тәмәмдаған соң, болашақ мамандық туралы ойлана бастадым,- деп еске алды Анатолий Сергеевич. – Бір күні бұрынғы кластасымды кездейсоқ кездестірдім, ол маған техникалық училищеге түсуге кеңес берді. Ойланып, мен сол кеңеске құлақ астым. Көп ұзамай «Орталық электр станциялары, желілер және жүйелер»   мамандығы бойынша студент болдым. Техникумды бітіріп, сол кездегі барлық жастар сияқты әскерге кеттім.                                                                                                                                                                    1979 жылдың шілде айында станцияның электр цехында кезекші электр монтері болып жұмысқа орналастым. Негізі басында уақытша деп ойлағанмын, содан қалдым, үйренісіп кеттім, бірақ ештеңеге өкінбеймін. Ол кезде қазандық пен турбиналық цехтардың орнында шұңқыр болған. Жастарды, яғни біздерді құрылысшыларға көмекке жібереді. Сөйтіп, бізде 2-ЖЭО құрылысын салуға ат салыстық. 1989 жылдың тамызында біздің ауысымда бірінші энергоблок, атап айтқанда №1 қазандық агрегаты және т№1 турбоагрегат жұмысқа қосылды. Біз сол кезде бастан кешкен толқуды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Газеттерде: «Алма-ата-да 2-ЖЭО іске қосылды, ол республикаға өзінің алғашқы тогын берді» деген басылымдар шыкты.      

Содан бері станция тез дамып, жаңа энергия блоктары енгізілді, 2-ЖЭО кеңейтілді. Қызметкерлер өз білімдерін жетілдіріп, тәжірибе жинады. Станция қызметкерлерінің орташа жасы сол кезде 27 жаста еді. Жаста болсам да, менде аға кезекші электр монтер лауазымына емтихан тапсырдым, сөйтіп 1991 жылы электр цехының ауысым бастығына емтихан тапсырдым.

Көптеген адамдармен бірге жұмыс істедім. Мен біреуден үйрендім, біреуге мен көмектестім. Қуантатын жағдай, сол бірге бастаған азаматтардың көбісі қазір біздің компанияны басқарып отырғаны. Олар: Нұрлан Мұхамед-Рахимов, Ғазий Исмұхамбетов, Ренат Жангутин, Марат Ақылбай және т.б. станцияларда жұмыс істейтіндер.

Олардың барлығы өздерінің қалауы, ұмтылысы, жұмысқа қабілеттілігі, жұмысына деген көзқарасы арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл энергетиктердің жас буынына үлгі болатын мамандар. Біздер, ардагерлер жастарға апатсыз жұмыс туралы, жабдықтарға ұқыппен қарау, біздің компанияның өркендеуі, қамқорлық туралы үйрету керекпіз.

Қазіргі уақытта жабдықты пайдалану көп білім мен кәсіби дағдыларды қажет етеді. Жұмыс қазір қызықты және жауапкершілік көп, талаптар да қатаң. Сондықтан қазіргі ұрпаққа айтарым, көп оқы, ізден, ерінбе!

2-ЖЭО– менің екінші отбасым. Станция - біздің отбасымыз, үйіміз. Бұл үй әрқашан менің жүрегімде қалады.

Сондай-ақ, 2-ЖЭО-ның маған берген тағы бір сыйы, әріптестердің арасынан  балық аулауды жанын беріп жақсы көретін адамдармен кездестірді. Сол маған жұққан болар, міне 30 жылдан астам уақыт өтсе де, балық аулау -бұл мен үшін ең жақсы демалыс. Балық аулауға жіберген уақыт, өмірдің зая кеткен уақыты деп есептелмейді, деуші еді ғой. Тіпті балық аулауды ұнатпаған әйелім де қызығушылық танытып жүр. Енді жазда бірге әдемі Іле өзеніне барамыз. Бізде шағын жер учаскесі бар. Көктемде шамалап отырғызамыз, жазда және күзде піскенде жинап аламыз. Маған осының өзі бір бақыт, өйткені мен ауылда өстім, ауыл өмірін кейде сағынамын. Алты жасар немереммен бірге жаңа үйдегі жарық өшіргіш, розеткаларды орнаттық. Қуанғаны сонша, енді мен де атам сияқты электрик боламын деп жүр. Кім білер, мүмкін расында 40 жыл еңбек еткен атасының ізін қуып, ісін жалғастырар.

2020 жылы 23 қыркүйекте Анатолий Сергеевич Сизовты құрметті демалысқа шығарып салды. Анатолий Сергеевичке әріптестері зор денсаулық тілейді, әрқашан құшағын жая қарсы алады.