БЖК: кестеге сәйкес жөндеу жұмыстары

Жөндеу компаниясы бекітілген кестеге сәйкес, Батыс жылу кешеніндегі 2020 жылғы негізгі жабдықты жөндеуді жүргізуде. Қазіргі уақытта сегіз су жылыту қазандығы мен бір бу қазанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалған қазандықтарда (үш су жылытатын және бір бу) ағымдағы жөндеу жұмыстары 2020 жылдың 7 қыркүйегіне дейін аяқталады.             

- №4 қазандықты күрделі жөндеу «Энергожөндеу» ӨЖК күшімен 2020 жылғы 5 қазанда аяқталады. Негізгі жабдықты жөндеуді аяқтау үшін қажетті материалдар жеткілікті. Жылу магистралін жөндеу жұмыстары аяқталды. 2-ЖЭО - БЖК, ол бойынша 2-ЖЭО-мен жылу тасымалдағыштың негізгі көлемі Алматы қаласының батыс бөлігіне жеткізіледі, - деді БЖК басқарушы директоры Әлібек Тастанбеков.

 

 

2020 жылы үлкен диаметрлі (Ду-800, Ду-600, Ду-500) жапқыш тиектеу арматурасының ревизиясын ауыстыру, сорғы жабдығын жөндеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды.  БЖК жұмыскерлерінің күшімен электр жабдықтарын, бақылау-өлшеу жабдықтарын және автоматиканы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.Жылыту маусымына дейін Батыс жылу кешені қажетті жылу жүктемесін көтеруге толық дайын болады