Алматы 1-ЖЭО бастамасы (жалғасы)

Алматы 1-ЖЭО Қазақстан Республикасындағы  энергетиканың тұңғышы.

Станция халық құрылысы әдісімен салынды, оның кеңеюі өсіп келе жатқан тұрғын үй қорын, Алматы қаласының өнеркәсіптік тұтынушыларын электрмен жабдықтауды жақсартуды қамтамасыз етті. 1941 жылдың басында жалпы электр қуаты 12,5 мың кВт болатын төрт турбоагрегат жұмыс істеді.

 

 










Ұлы Отан соғысы жылдарында жұмысшылар, инженерлік-техникалық қызметкерлер көптеген қиыншылықтарды бастарынан кешті. Станциядан Отанды қорғауға 87 адам кетті, олардың 22-сі Отан бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Қалған адам жабдықтың тұрақты жұмысын қамтамасыз ете отырып, екі-үш адам атынан жұмыс атқарды. Олардың тылдағы қаруы киловатт-сағат болды және олар барлық қиыншылықтар мен қиындықтарға қарамастан, елдің батыс бөлігінен эвакуацияланған және қысқа мерзімде майдан өнімдерін өндіру үшін жаңа жерге орналастырылған бірқатар қорғаныс маңызы бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр энергиясын үздіксіз жеткізуіне ықпал етті.

Осы қауырт әскери кезеңде халық шаруашылығы үшін 1-ЖЭО-ден 270 млн кВтс электр энергиясы жіберілді. Бұл-1940 жылы Қазақстанның барлық жылу электр станциялары өндірген мөлшердің жартысына жуығы.