Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы Алматы қаласындағы медицина қызметкерлерінің тұру жағдайын партиялық бақылауға алды

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров бастаған жұмыс тобы құрылды, оның құрамына СЭС басшылығы, аудандық әкімдіктердің, Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері және т. б. кірді.
Бүгін жұмыс топтары 3000-нан астам медицина қызметкері тұратын 28 нысанды аралап шықты. Топ мүшелері дәрігерлердің тұру, тасымалдау және тамақтану жағдайларын тексерді.
Сондай-ақ партияның Алматы қалалық филиалы меценат Вахид Гасановпен бірге 300 литр антисептикалық құралдар мен 500 килограммнан астам жеміс-жидектерді медқызметкерлерге ұсынды.