Қол ұшын берген жандарға алғысымыз шексіз

2020 жылғы 10 ақпанда Алматаевтар отбасы жаңа пәтерге ие болды                  

Ананың қуанышында шек жоқ. Анасы мен төрт бала үшін қуықтай жерде уақытша жалдамалы үйде тұрған өмір артта қалды. «АлЭС» АҚ басшылығының шешімі бойынша 2019 жылғы тамызда ЖКО-да қаза тапқан «Энергожөндеу» ӨЖК слесарі Ізбасар Алматаевтың отбасына арналған Алматы қаласындағы «Радужный берег» жаңа тұрғын үй кешенінде екі бөлмелі пәтер сатып алынды.

- Маған бұл жаңалықты айтқанда, сенер сенбесімді білмедім. Тіпті сату бөлімінде құжаттарды ресімдегенде де, бұл түсім, өңім ба деп ойладым, - деп қуанышымен бөлісті Жұлдызай Алматаева.

«АлЭС» АҚ ұжымы бір үлкен тату отбасы, жұмыс та жасап, демалатын кезде бірге демалып, өмірдің қиын сәттерінде қол ұшын беріп, көмектеседі. Пәтерге жөндеу жұмыстарымен жиһаз сатып алу қажет болды, (ванна, раковина, унитаз, газ плитасы және т.б. жоқ) себебі онда тек алғашқы әрлеу жұмыстары жүргізілген.«Энергожөндеу» өндірістік кәсіпорнынан марқұм Ізбасардың әріптестері пәтерді жөндеуге көмектесуді шешті.                                                                                                                                                                   - Бірнеше ай бұрын төрт қабырғадан басқа ештеңе жоқ еді.Алайда, «Энергожөндеу» ӨЖК жұмыскерлері Арқат Сылбырбаев (ағаш ұстасы), Серік Сембаев (тас қалаушы), Мұхтар Наурызбаев (тас қалаушы), Нұртас Балтабаев (ағаш ұстасы) және Нұрлан Жиенқожанов (тас қалаушы) атты азаматтардың еңбектерінің арқасында бір жарым ай ішінде пәтер дайын болды. Марқұмның әріптестері жөндеу жұмыстарына жандарын салып жасады! Әрбір шаршы метрге жан салдық, олар одан әрі кәріз, электр қуатымен қиындықтар болмас үшін барлығын сапалы жасағысы келді.Олар пәтерді, әсіресе ванна мен ас үйде қайта құруға тура келді. Күшейту және оқшаулау жұмыстарын жүргізілді, - дейді Фариза Ботакараева, жетекші инженер-бағдарламашы. Фариза жігіттерге құрылыс материалдарын, сондай-ақ жиһаз бен тұрмыстық техниканы өзі таңдап, жеткізуге көмек беріп отырды. Оның арқасында жөндеу жұмыстары тез арада аяқталды.

Қаражат жинауға компанияның барлық жұмыскерлері ат салысты. Ақша, киім-кешек, балаларға ойыншықтар, ыдыс-аяқтармен де көмек етті. Әріптестер марқұмның артынан қалған қарызы 575 195 теңге несиесін жауып берді.

- Бүгін, екі айдан кейін, балаларыммен пәтердің табалдырығын аттаған сәттегі қуанышым мен ризашылығымды жеткізу мүмкін емес. Жылы, жайлы, ашық, таза пәтер. Пәтерге жасалған жөндеу жұмыстарын көріп, қуаныштан көзіме жас алдым. Бұл жұмыстарды жүргізген адамдардың ойы, менің қалауыммен, ойымдағы арманымды жүзеге асырған секілді. Жиһаз бен жарға жабыстырылған обойлардың өзі менің арманымдағы сүйікті түспен жасалынған. Ал ас үйдің жиһазын айтсаңызшы! Жап-жарық, өте ыңғайлы. Тіптен үстелді де үшкір бұрышсыз таңдаған, ол да менің балаларымды ойлағаны ғой. Жаңа сантехника, диван, техника. Терезелерде Фаризаның қалауымен балалардың қауіпсіздігіне поликарбинаттан, арнайы, заманауи материалдан жасалған торлар жасалған. Менің қуанышымда шек жоқ.

Тұрғын үй кешенінің жанында балабақша мен мектеп бар.

- Егер мүмкіндік болса, бізге көмектескен баршаадамдарға алғысым шексіз екендігін жазыңызшы, - деп сұрады қобалжыған Жұлдызай. - Күйеуім қайтыс болғаннан кейін, не істерімді білмей, енді не болмақ деп уайымдадым шыны керек. Өміріміз не болады, балаларды қалай жеткіземін? Мен бала күтімі бойынша демалыстамын. Жолдасым болғанда, ештеңеге алаңдамайтынмын. Тек күйеуімнің әріптестерінің көмегімен ғана өзімнің жалғыз еместігіме көзім жетті.

Бәрінен бұрын балалардың қуанышын көрсеңіз. Енді олардың өз бөлмелелері болады. Алматаевтар отбасына көмек көрсеткендердің айтуынша, бұл балалар өз елінің лайықты азаматтары болып өсетініне сенімді. Мүмкін, төрт баланың біреуі әкенің ізін басып, энергетик болар.