АлЭС-те жүзеге асырылған жоба туралы KAZENERGY Әйелдер энергетикалық

2019 жылдың 25 қыркүйегінде Нұр-сұлтан қаласында EXPO Конгресс-орталығында «Энергетикадағы – әйелдер көшбасшылығының заманауи бейнесі» атты әйелдердің әр түрлі салаларда – мансапта, білім беруде, отбасында ілгерілеуіне ықпал ету тақырыбына арналғанKAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының IV Форумы өтті.

-Форумның бөлек алаңын Қазақстандағы гендерлік саясатты дамытуға бағытталған ЕҚДБ-нің іске асырылып жатқан жобаларына арналды. Осы алаң аясында «ҚР энергетикасындағы әйелдердің рөлі» атты KAZENERGY мен ЕҚДБ бірлескен зерттеулерінің аралық нәтижелерінің тұсаукесері өтті. Презентацияның бір бөлігі 2018-2019 жылдары АлЭС-те тең мүмкіндіктерді ілгерілету бойынша жүзеге асырылған жобаға арналды, - деді Адам ресурстарын басқару басқармасының бастығы Дария Шайжанова.

- Көшбасшы – әйелдің эмоционалдық зият бойынша шеберлік сыныптары ұнады. Эмоционалдық зияттың жоғары деңгейі әріптестерін анығырақ түсінуге, алға қойған міндеттерге жақын арада қол жеткізуге бағдар беріп көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, , KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының форумы 2013 жылдан бері өткізіліп келеді және қазіргі таңда Қазақстандағы басты халықаралық сарапшылар мен заң шығарушыларының қатысуымен әйелдердің коммуникация саласындағы жетекші алаң, сондай-ақ болашақ көшбасшылар ұрпақтарының диалогына арналған бірегей платформа болып табылады.