АлЭС «Бірге - Таза Қазақстан» акциясын қолдауға шақырады

«Алматы электр станциялары» АҚ жұмыскерлері 2019 жылғы 20 шілдеде басталған «Бірге - Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысады.

- Біздің компания қоршаған ортаны қорғауға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған қоғамдық бастамаларды әрдайым қолдайды. Біз тек алматылықтар ғана өз қаласын таза және жайлы ете алады. «АлЭС» АҚ жұмыскерлері «Бірге - Таза Қазақстан» акциясына қосылуға ниет білдірушілер мен ықылас білдірушілерді шақырады», - деді экология жөніндегі бас инженердің орынбасары Рамиль Ғалиев.

Экологиялық челлендж 2019 жылы 2 тамызда сағат 13.00-де өтеді, жиналу орны: Батыс жылу кешені, Төле би көшесі 308.