АлЭС: балаларға энергетика мамандығы жайлы ақпарат

2019 жылы шілде айында «Эдельвейс» сауықтыру лагерінде демалушы балалар үшін Батыс жылу кешенінің жұмыскерлері Энергетик мамандығына саяхат жасады. Бұл қызықты саяхатқа үш отрядтан 6-13 жас аралығындағы балалар шақырылды. Алдымен, балаларға ірі энергетикалық компания «Алматы электр станциялары» АҚ туралы айтылды. Презентация балалардың қызығушылығын тудырды, өйткені бұл ең туған адамдары – олардың ата-аналарының жұмысына қатысты болғасын болар. Әрине, әр балаға ата-анасының қайда, немен айналысатытыны қызықты ғой.

Балалар әсіресе тәжірибе өткізуге белсене қатысты. Арнайы балалар үшін БЖК ЭКЕАЖ және ДТҚБ жылу автоматикасы және өлшеу цехының аға шебері Роман Крайнов шағын электр станциясын жинады. Балалар генератордың тұтқасынан тыс оралып, тұрғын үйге сым арқылы ток беруді жүзеге асырды.

Балалар судың кермектігін өздері анықтай алды. Бұл тәжірибе химия қызметінің зертханашыларының басшылығымен Әсем Сәдуақас пен Ольга Баянова жүргізілді. Тәжірибе барысында арнайы қорғау құралдарын қолдануға және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтаудың маңыздылығына назар аударылды. Энергетикада ер адамдар ғана емес, әйелдер де жұмыс істейтінін атап өтті.

- Әрине, біз үйде ата-аналарымыздың өздерінің жұмысы туралы айтып отыратынын естідік. Бірақ, бүгін олардың күрделі және жауапты мамандығы туралы жақынырақ таныстық. Бізге компанияның қызықты өмірі туралы, жыл сайын қызметкерлердің балалары үшін конкурстар, спорттық спартакиадалар өтетіні туралы айтты. АлЭС - те өзінің жастар ұйымы бар, тіпті балалар үйлеріне көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде, - деп бөлісті бірінші отрядта демалушы Яна Горбовская.

БЖК жұмыскерлері балалардың қойған барлық сұрақтарына, жеңіл әрі қызықты ақпараттармен жауап беріп отырды.

- Біз үшін шынайы алғыс, ол балалардың бізге шын жүректен риза болғаны. Олар үшін бұл кездесу өте қызықты әрі танымдық болды. Бала естігенді -ұмытады, көргенді - есте сақтайды, ал өзі байқап, қолымен ұстағанды - түсінеді деді, -кадр жөніндегі жетекші инженер Айнұр Темірбаева.

«Эдельвейс» балалар сауықтыру лагеріне келетін балалар үшін тең мүмкіндіктер Жобасы бойынша бұл жаңашылдық жалғасын табады.