Біз өз еліміздің қайталанбас көркемділігіне көз жеткіздік

Туған өлкеге саяхат өте қызықты болғаны сонша, біз тіптен уақыттыңқалай өткенін байқамадық.

25-06-22019 жылы маусым айында «Туған елге саяхат» атты балалар туристік поезы жобасының жаңа маусымы ашылды. Қазақстанның барлық түкпірлерінен келген балалар тарихи орындар мен Қазақстанның әдемі қалаларын аралауға 9 күндік турға аттанды.«АлЭС» АҚ-нан жобаға өндірістік департаменттер жұмыскерлерінің көп балалы отбасында тәрбиеленетін және үлгерімі жақсы үш балақатысты. Олар: Бексултан Шерехан (12 жаста, Гулжамила Нурумбетованың ұлы, 1-ЖЭО химцех инженері), Жансая Жақсыбек (11 жаста,Камшат Омарованыңқызы, 3-ЖЭО химцехының химиялық талдау зертханашысы), Ақбота Ержиен (12 жаста, Алмас Ержиеновтің қызы, «Энергоремонт»ӨЖК ультрадыбыстық бақылау бойынша ақаутапқышы).

Біз Алматы-1 вокзалынд бір отбасының баласындай жиналып, Нұр-сұлтан қаласына аттандық – деді Акбота Ержиен. – Мен ұмытылмас әсер алдым. Көптеген балалар алғаш рет жолға шыққан еді, сол себептен бір жағынан қорқыныш, екінші жағынан қуаныш баулыды. Мен көптеген жаңа достар таптым. Біздің отбасымызда бес бала бар, менің туыстарым үшін бұл сапар үлкен мерекеге айналды.Пойыз бағыты Нұр-сұлтан, Байқоңыр, Тараз, Алматы және Балқаш қалалары арқылы өтті, әр қала балаларға өзінше есте қалды..

 25-06-4- Мен үшін Қазақстанның барлық бес қаласы да үлкен жаңалық болды, - деп өз әсерімен бөлісті Жансая Жақсыбек. - Біз өте жақсы демалдық, көптеген достар тауып, өз еліміздің тарихын білдік. Нұр-сұлтан қаласында EXPO-ға барып, Байқоңырда шексіз ғарыш кеңістігіне айналған зымырандарды көрдік. Тараз кесенелері бізді өз тарихымен баурап алды, ал Балқаш көліндегі демалыс керемет әсер қалдырды. Уақыт өте тамаша өтті. Біз жолда топпен ән айтып, би билеп, флэшмоб ұйымдастырып, өлеңдер оқып, үстел және логикалық ойындар ойнадық. Туған елге саяхаттан алған әсерлері керемет. Біз өз еліміздің қайталанбас сұлулығына көз жеткіздік. Мен тамаша достар таптым, оларды ешқашан ұмытпаймын. «Туған елге саяхат» жобасының ерекшелігі 9 күн ішінде барлық балалар өте тату болып кетті. Бір жұдырықтай, команда болып жүргені татулық пен достыққа ұласты.

25-06-5Бексултан Шерханның айтуынша,бұл саяхат оған өмірінде алғаш ұмытылмас әсер қалдырыпты. Біріншіден, мен Қазақстанның әр аймағынан келген балалармен танысып, достастым. Екіншіден, мен үшін нағыз жаңалық болғаны, еліміздің тарихы бар бес қаласында болдым. Біз «Бәйтерек» монументіне бардық. Байқоңыр ғарыш мұражайында бізге ғарыштың шағын макетімен, ғарышкерлердің костюмдерін көрсетті. Мені Айша-бибімен Қарахан кесенелері ежелгі тарихи аңыздарытаң қалдырды. Туған елге саяхат өте қызықты әрі әсерлі болғаны, сонша біз уақыттың қалай тез өткенін байқамадық. Осындай керемет бағдарлама үшін ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.

Жобаны 2016 жылдан бастап Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан жүзеге асырылуда. Оның мақсаты-балаларды жан-жақты дамыту, қоршаған ортаға деген қызығушылықты арттыру, патриоттық сезімді нығайту үшін еліміздің тарихи және архитектуралық ескерткіштермен таныстыру. 2019 жылы 600 балаға 3 тур ұйымдастырылады.

 25-06-6