Балалардыңәлемгекөз қарасы

20-06-12019 жылы маусым айында Қапшағай ГЭС кәсіподақ комитеті экологтар күні қарсаңында «Табиғатты қорғаңыздар» тақырыбында балалар суретінің байқауын өткізді. Байқауға станция қызметкерлерінің 5 жастан 16 жасқа дейінгі балалары қатысты. Балалар өз суреттері арқылы табиғатқа және жалпы қоршаған әлемге өздерінің жылы көзқарастары білінеді.

Байқауға 16 жұмыс ұсынылды. Әр баланың суреті өзінше ерекше болғандықтан қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтаудың жауапты міндет тұрды. Бас жүлде Маргарита Ланкинаға (16 жас), маймен орындалған жұмысына берілді.

20-06-2

- Адамдар соншалықты қатыгез болып кетті, кейбір жағдайда қоршаған табиғатқа аяусыз қарайтынын, тіпті планетамыздағы жануарлар мен құстар да барлық тірі нәрсеге ұқыпты қарауға, әлі де кеш емес екенін айтқысы келеді... - деп өз пікірін білдірді жас суретші Маргарита.

 20-06-3

- Менің балаларым байқауға алғаш рет қатысты. Менің ойымша, экологиялық тәрбиені отбасынан бастау керек. Біз-ата-ана, ең алдымен өз балаларымызға үлгі болуымыз керек. Осындай конкурстардың бізде өткізілуіне қуаныштымын. Балалар өте риза болды, - деп өз ойымен бөлісті Алия Жилгилдина, Қапшағай ГЭС экологы.

Барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.