Жеңіс үшін аталарымызға мың алғыс!

Тек Алматы қаласында ғана «Мәңгілік полк» шеруіне 150 мың қатысушылар жиналды.

image 10

Асылхан Изтелеуов, «Алматы электр станциялары» АҚ 1-ЖЭО электр цехы электр техникалық зертханасының (релелік қорғаныс және автоматика жөнінде) жетекші инженері 2005 жылдан бері 9 мамыр парады мен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысады.

image 9

ААсылхан 1980 жылы Атырау қаласында Ұлы Отан соғысы ардагерінің отбасында дүниеге келген. Атасы 1941 жылы Қызыл Армия қатарында, қазіргі бейбіт таңымыз үшін шайқасты. Асылхан мен оның ағайындары атасының ерлігін мақтан етеді.

image 8

Атасының шөбересі, 11 ай

Менің атам – Ізтілеу Ізғали. Мен үшін атам нағыз батыр. Әлі есімде, атамның жылда 9 мамырда әскери киімін киіп, төсіне көптеген ордендерін тағып, бәріміздің бірге парадқа шығатынымыз. Біздің жарқын болашағымыз үшін шайқасып, отанына оралмаған батырларымыздың құрметіне атамның қолында әрдайым гүлдер шоғы болатын.

image 7

Менің атам Москва түбінде соғысып, фашистің оғынан жарақаттанған. Соғыстағы ерліктері үшін 3 орден, 13 медалімен марапатталды. Өз балаларыма батыр атасы туралы үнемі әңгімелеп отырамын. Болашақ ұрпақтың жарқын болашағы үшін өмірін қиған көптеген бабаларымыздың ерлігін білу аса қажет. Отбасымызбен 9 мамырда батырларымыздың ерлігін құрметтеп, мәңгілік алауға гүл қоюды дәстүрге айналдырдық. Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған шеру, парадқа қатыса тұрып, бұл күннің маңыздылығын жақынырақ сезінесің. Атама Жеңіс үшін мың алғыс!» - деп, Асылхан сонау қиын заманда еңбек еткен барша ардагерлерге үлкен алғысы мен құрметін білдіреді. «Мәңгілік полк» шеруі – мәңгі біздің жадымызда.

«Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылардың басым көпшілігі айбынды әрі жеңімпаз балаларына шынайы ниетпен тағзым жасады.

Тек Алматы қаласында ғана «Мәңгілік полк» шеруіне 150 мың қатысушылар жиналды.