Автожирмен алғаш рет ұшуымыз...

 

2019 жылы сәуір айында «Самұрық-Қазына» компаниясы жас мамандар тобына арналған рекреациялық бағдарлама басталды. АлЭС атынан екі жұмыскер: Жасын Сапазбеков - 2-ЖЭО турбина бөлімінің аға машинисі және Ербол Джубанов - 1-ЖЭО сынақтан өткізу және өлшеулер жөніндегі электр монтері.

- Біз «Arman Dala» атты керемет профилакторияда орналастық. Мұнда Қордың әртүрлі компанияларынан жас талантты өндірісшілер жиналған. Бұл 50 адамның бірінші «десанты», - деп бөлісті өз ойымен Жасын Сапарбеков. – Біз тез арада танысып, достасып кеттік. Өте қызықты бағдарлама ұйымдастырылған екен. «Көңілді ағылшын» атты форматта ағылшын тілін меңгере бастадық. Тимбилдинг, квест, атпен серуендеу, велосипед тебу, катамаран тебу, авиашоу және тіпті автожирмен ұшу мүмкіндігі болды.

 

 

- Мен өмірімде алғашқы рет автожирде ұштым. Ұшуға бар болғаны 12 адам келісім берді, соның ішінде АлЭС – тіктер біз де бармыз. Бірінші рет ұшқаннан кейінгі сезіміңді жеткізу мүмкін емес, тағы да ұшқың келіп тұрады,- деп жалғастырды әсерін Ербол Джубанов. – Біз ағылшын тілі сабағында күнделікті өмірде пайдасы тиер тақырыптарды қозғадық. Қазақстанның көптеген ірі қалаларынан келген әртүрлі мамандықтың жастарымен таныстық. Ортадан үлкен чат ашып, қазір сол арқылы хабарласып тұрамыз. Бұл бағдарлама өндірістік жұмысшылардың еңбегі мен жетістерін көтермелеу болды.

Біз компаниямызға және Қорға осы бағдарламаға қатысуға мүмкіндік бергеніне алғысымызды білдіреміз. Мен үшін бұл сапар нағыз пайдалы және ынталандырушы болды.