«АлЭС» АҚ жұмыскерлер мен басшылардың лауазымдық нұсқаулықтары қайта қаралады

Трансформация жобалау командасы жаңа ұйымдық құрылымды енгізу бойынша «АлЭС» АҚ HR бөліміне оқыту семинарын өткізді.

Аталған семинарда станция мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарын сипаттаудың жаңа тәсілдері қаралды.

Жоба АлЭС қызметкерлері үшін лауазымдық нұсқаулықтарды (бұдан әрі - ЛН) қайта қарау жұмыстарын қамтиды. Жоба командасы лауазым сипаттамасы ЛН-тан қалай ерекшеленетінін нақтылап түсіндірді.

«Лауазымдық нұсқаулық сізге жеке тұлғаның емес, тек лауазымның жауапкершілігін бағалауға мүмкіндік беретінін түсінуге тиіссіз. Компанияның тиімді жұмыс істеуі үшін лауазымды тұлғаның құндылығы мен үлесі болуы керек. Сәйкесінше, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы бекітетін оның жалақы деңгейі де өзгеруі мүмкін», - дейді жобалау тобының мүшесі Ксения Бердник.

Лауазым сипаттамасы стандартты лауазымдық нұсқаулық  сипаттамасынан едәуір ерекшеленеді. Құжат келесі негізгі бағыттарды қамтиды: лауазым мақсаттары, компанияның даму стратегиясында (қаржылық және қаржылық емес)  негізгі лауазымдық қызмет көрсеткіштері, біліктілік талаптарын қамтитын қабылеті, білімі, тәжірибесі мен негізгі жауапкершілік  қызметі  кіреді. Жоба командасы бұл жаңа үрдіс лауазымдық позицияны объективті бағалауға және рейтинг жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді деп түсіндіреді.

Жоба тобы жұмыста жиналыс барысында  АлЭС Басқармасының төрағасымен және орынбасарларымен сұхбат өткізді. Нәтижесінде, лауазымдық нұсқаулықтардың жобалары дайындалды. «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының мүшелері ағымдағы жылдың мамыр айына дейін қорытынды құжаттарды қарастырып шығады. «АлЭС менеджерлерімен әңгіме-сұхбат өткізу жауапкершілік саласының айқын көрінісі мен негізгі мәселелерді айқындауға әкеледі. Ал коммуникативті кездесулердің болуы лауазымдық нұсқауларды дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік береді », - дейді Ксения Бердник.