1-ЖЭО: вахта жиналыстары

2019 жылғы қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында 1-ЖЭО –өндірістік департаментінде дәстүрлі жыл сайынғы вахта жиналыстары болып өтті. Станция басшылығы департаменттің 2018 жылғы жұмысына қорытынды жасап, ұжым алдында есеп берді.

Жиналыста сонымен бірге 2018 жылғы есептермен бөлім басшылары да сөз алды. Соның ішінде өндірістік – техникалық бөлім басшысы Сергей Михайлович Скворцов станцияның жыл қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі - 386 млн. кВт, жылу энергиясы 1302 мың Гкал құрады. Экономика бөлімінің бастығы Майя Ивановна Алимбетова кәсіпорынның бекітілген бюджет бойынша 96 %, яғни 9 358,1 млн. теңгені құраған жыл ішіндегі жалпы шығындарына назар аударды.

Электр станцияны техникалық пайдалану жөніндегі аға инспектор Александр Анатольевич Кан, өзінің есебінде технологиялық бұзушылықтар бойынша, 35,9 млн. теңгені құраған еңбекті қорғау жөніндегі іс – шараларға жұмсалған жалпы шығындар, өндірістік жарақат туралы ақпарат берді. 1-ЖЭО бас инженері Алексей Андреевич Ким, станция жабдығын жөндеу және олардың ахуалы бойынша шолу жасады.

Департаменттің басқарушы директоры Исахан Ақтанұлы Сырғабаев сөз қорытындысында есептерді жалпы жинақтап, ұжымға өткен жылы атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдірді, жалпы қызметкерлерге денсаулық, станцияның апатсыз жұмыс істеуін, еңбекте табысты болуды тіледі. 14.02.2019