Бұған дейін, яғни, биылғы жылдың 11 сәуірінде «АлЭС» АҚ Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңының 7 бабы 7 тармағы 7-3 тармақшаларына сәйкес жылу энергиясын өндіру және магистальды құбыр желілері арқылы суды беру (химиялық тазартылған суды дайындау) реттелетін қызметтерін ұсыну бойынша жылдық есебін жасаған еді. Осы ретте аталған «АлЭС» АҚ-ы кешегі өткен дүйсенбіде, демек, 2016 жылдың 18 сәуірінде тағы бір қоғамдық тыңдау өткізіп, ол Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 12 бабы 3 тармағы 7 тармақшасына сәйкес компанияның ҚР Энергетика министрігі алдындағы 2015 жылғы инвестициялық міндеттерінің орындалуына арналды.
Аталған инвестициялық міндеттер бойынша «АЛЭС» АҚ Басқарма Төрағасы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Нұрлан Мұхаммед-Рахимов баяндама жасады. Бұл жолы да Басқарма Төрағасы қоғамдық тыңдауға қатысқан уәкілетті және мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен тәуелсіз сарапшылар, басқа да мүдделі тұлғалар алдында «АлЭС» АҚ қызметінің негізгі өндірістік және қаржылық-экономи
Жалпы, айтылған баяндамаға сәйкес ұққанымыз, «АлЭС» компаниясы өткен жылы орындалуы міндеттелген тапсырмалардың бәрін толықтай жүзеге асырған. Атап айтқанда, былтыр компания алдына 2-ЖЭО-ның №8 қазандық агрегаты құрылысын аяқтау жүктеліп, оған жоспар бойынша 11 453,7 млн. теңге бөлінсе, бұл міндет талапқа сай толық көлемде орындалған. Сондай-ақ, 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО күл үйінділерін қайта құру және кеңейту жұмыстарына барлығы 1 196,4 млн. теңге қарастырылса, жұмыс көлеміне де осынша қаржы жұмсалған. Содан кейін 2-ЖЭО-ға Көк-Өзек су қоймасынан суды алу үшін қажетті құрылыстар мен гидробекет салу жұмыстары үшін 62,0 млн. теңге жұмсау ойластырылса, бұл жұмыстар өз уақытында толық көлемде орындалғандығыны
Бұлардан басқа, бекітілген инвестициялық міндеттемелерге сай 2-ЖЭО бас бу құбырын (1-кезегі) қайта құру жұмысына 182,0 млн. теңге, 2-ЖЭО-ның №1 күл үйіндісінің №1 секциясындағы сүзгілеуге қарсы экранын қалпына келтіру жұмысына 261,3 млн. теңге бөлінген болса, бұл жұмыстар да жыл соңында нәтижелі қорытындыланды деп айтуға әбден болады.
Сөйтіп, қысқасы, 2015 жылы «АлЭС» АҚ-на тапсырылған барлық 15 072,1 млн. теңгенің жұмыстары 100 пайызға орындалған екен. Сондықтан да дүйсенбіде өткен қоғамдық тыңдау барысында қатысушылар тарапынан «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Н. Мұхаммед-Рахимов
Құттыбек Аймахан