Алдағы уақытта 2020 жылғы 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша жария тыңдау нысанында есеп беру өткізетіндігі туралы хабарландыру

«Алматы электр станциялары» АҚ тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды 2020 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөнінде жария тыңдау нысанында есеп жүргізетіндігін хабарлайды.
Табиғи монополия субъектісі – «Алматы электр станциялары» АҚ;
Табиғи монополия субъектісінің орналасқан мекен-жайы – Алматы қ., Достық даңғылы, 7;
Есепті өткізетін уақыт – 2020 жылғы 24 шілде, сағат 16.00-де;
Есепті өткізетін орын – Алматы қ., Достық даңғылы, 145 каб;
Реттеліп көрсетілетін қызметтер түрі – жылу энергиясын өндіру, суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру қызметтері.
Алматы қаласындағы карантин режимін ескере отырып, тыңдауларды өткізу форматы бойынша қосымша ақпарат Компанияның www.ales.kz. интернет-ресурсында жарияланады.