«Алматы электр станциялары» АҚ пайдаланылған батарейлерді жинау, тапсыру бойынша «Батарейге – екінші өмір» және макулатураны жинау, тапсыру: «#БатлМакулатура» экологиялық акциялар өткізілетіні туралы хабарлайды

Акцияның мақсаты: Қоғам жұмыскерлерін қоқысты бөлек жинауға назарын аудару, белсенді әлеуметтік ұстанымды қалыптастыру және олардың қалдықтармен жұмыс істеу дағдыларын игеруі.

Акцияның міндеті: кейіннен кәдеге жарату үшін пайдаланылған батарейлерді белсенді жинау мен тапсыруды, сондай-ақ жасыл қорды сақтау үшін макулатураны жинау мен қайта өңдеуге жіберуді, сондай-ақ корпоративтік деңгейде ресурстарға ұқыпты қарау және экологиялық жауапкершілік мәдениетін дамытуды ұйымдастыру.

Акцияның сипаттамасы: ағымдағы жылдың 31 қазанына дейін науқанға қатысушылар компанияның күнделікті жұмысы барысында пайда болатын пайдаланылған батарейлер мен қағаз қалдықтарын жинайды – бұл кеңсе қағазы, журналдар, жарнамалық полиграфия, газеттер, ескі кітаптар, қағаз қаптамалары, картон, олар науқан аяқталғаннан кейін қайта өңдеуге мамандандырылған ұйымға беріледі. Өндірістік департаментте пайдаланудан шыққан батарейлерді департаменттің жауапты экологтарына тапсыру қажет, Бас кеңседе 234-кабинетте қабылданады. Макулатураны өндірістік департаментте ӘШБ-ге – (мамандандырылған орын-жайға, суық қоймаға), Бас кеңседе – ҚТҚ контейнерлерінің қасында уақытша сақтау алаңына орналастыру керек.

Қатысушылар: Қоғамның барлық жұмыскерлері.

Экологиялық акцияларға қойылатын талаптар:

Қабылданады:

  • пайдаланылған (қолданылған) батарейлердің барлық түрлері (шынашақ тәрізді, саусақ тәрізді, таблетка тәрізді, крона т.б);
  • ұялы телефондар мен балалар ойыншықтарының батарейлері;
  • пайдаланылған батарейлер қораптарда немесе қалың полиэтилен пакеттерде қабылданады;
  • журналдар, ескі кітаптар, газеттер;
  • картоннан және гофрленген картоннан жасалған қаптамалар, мұрағаттар;
  • баспахана қалдықтары және т.б.

Тапсырар алдында макулатура қораптарға салынады, оны арқанмен немесе жіппен байлауға болады.

Макулатураны тапсыру шарттары:

  • қағаз бен картон құрғақ, таза, 2 жағынан жазылуы керек;
  • құжаттар мен құрама бұйымдар қыстырғыштарсыз, қапсырмаларсыз, файлдарсыз қабылданады;
  • өнімдер лак, химия немесе маймен ластанубау керек.

Акцияны өткізу кезеңдері:

  • 2023 ж. 09 қаңтар – батарейлер мен макулатура туралы акцияны хабарлау;
  • 2023 жылдың 31 қазанына дейін – батарейлер мен макулатураларды қабылдау, өлшеу және өткізу;
  • 2023 ж. 03 қараша – батарейлер мен макулатураларды жинау қорытындыларын шығару және жариялау.