«Алматы электр станциялары» АҚ «PaZZZрядка!» атты экологиялық акцияны өткізу туралы хабарлайды

Акцияның мақсаты: Қоғам жұмыскерлерінің назарын жалпы экологияға, белсенді әлеуметтік позицияны қалыптастыра отырып, қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу дағдыларын игеруге, қоқысты бөлек жинауға аудару.

Акцияның міндеті: пайдаланылған батареяларды кейіннен кәдеге жарату үшін белсенді жинауды ұйымдастыру және тапсыру.

Акцияның сипаттамасы: 26 қарашаға дейін акцияға қатысушылар пайдаланудан шыққан батареяларды жинап, оларды кәдеге жаратумен айналысатын компанияға тапсыру болып табылады.

Өндірістік департаментте қолданыстан шыққан батареяларды Департаменттің жауапты экологтарына тапсыру қажет, кейін олар Бас кеңсенің 234 кабинетінде қабылданады.

Қатысушылар: Қоғамның барлық жұмыскерлері.

Экологиялық акцияға қойылатын талаптар:

Қабылданады:

пайдаланылған (қолданылған) батареялардың барлық түрлері (шынашақ тәрізді, саусақ тәрізді, таблетка тәрізді, крона т.б.);

ұялы телефондар мен балалар ойыншықтарының батареялары.

Пайдаланылған батареялар қораптарда немесе қалың полиэтилен бумаларында қабылданады.

Акцияны өткізу кезеңдері:

2021 ж. 1 наурыз – акцияны жариялау;

2021 ж. 26 қарашаға дейін–батареяларды қабылдау және өлшеу;

2021 ж. 30 қарашаға дейін – батареяларды жинау бойынша қорытындылар шығару және жариялау.