Тастанбеков Әлібек Маратұлы – «АлЭС» АҚ 1-ЖЭО Директоры

Tastanbekov

Туған жылы – 21.09.1981 ж.

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы

Білімі – жоғары:

ҚР Ішкі істер министрлігінің академиясы, бітірген жылы – 2002 ж., заңгер-құқықтанушы;

Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, бітірген жылы – 2007 ж., қаржы бакалавры;

Қазақстан жолдар және қатынастар университеті, бітірген жылы – 2017 ж., техника және технологиялар бакалавры;

Алматы энергетика және байланыс университеті, бітірген жылы – 2020 ж., техника ғылымдарының магистрі.

Еншілес компанияларға тиесілі акцияларының саны мен үлесі – жоқ

Жұмыс тәжірибесі:

03.2002 ж. – 10.2006 ж. – ҚР Құқық қорғау органдарындағы қызмет;
10.2006 ж. – 09.2012 ж. – ҚР қаржы ұйымдарындағы жұмыс;
09.2012 ж. – 04.2013 ж. – "АлЭС" АҚ Басқарма төрағасының көмекшісі;
04.2013 ж. – 05.2017 ж. – "АлЭС" АҚ Қазынашылық басқармасы бастығының міндетін атқарушы;
05.2017 ж. – 07.2019 ж. – Басқарушының орынбасары "АлЭС" АҚ 1-ЖЭО қамтамасыз ету жөніндегі директорлары;
07.2019 – 05.2022 жж. – "АлЭС" АҚ БҚК Басқарушы директоры;
2022 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – "АлЭС" АҚ Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО директоры.

Қоғамда жауап беретін сұрақтар шеңбері.

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да жалпы басшылықты мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:

1) жылу энергиясын өндіру;
2) Департаменттің жабдықтарына жөндеу-техникалық қызмет көрсету;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына ішкі бақылауды қамтамасыз ету;
4) ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешенін енгізу есебінен Департамент жұмысын дамыту және жақсарту;
5) қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық ету;

Басқарманың жұмысын мынадай бағыттар бойынша қамтамасыз етеді:

1) Басқарманың кәсіподақ ұйымымен жұмысын жүзеге асыру және үйлестіру;
2) Басқарманың "Ақсақал Кеңесі" ардагерлер кеңесімен және Қоғамның "Жарқын Болашақ" жастар ұйымымен жұмысын жүзеге асыру және үйлестіру;
3) Қоғамның Басқарма отырыстарына, өндірістік ұйымдардың жұмысына қатысу, сондай-ақ қызметтің түрлі бағыттары бойынша құрылатын комиссиялардың жұмысына қатысу;
4) өндірістік департаменттердің басқарушы директорлар корпусының Қоғам басқармасына жүгіну мәселелері бойынша жұмысын жүзеге асыру және үйлестіру;
5) ұжымдық шартта көзделмеген жағдайларда материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша Қоғам қызметкерлерінің өтініштерін алдын ала қарауға қатысу;
6) ұжымдық шартта көзделмеген жағдайларда Қоғам қызметкерлерінің өтініштерін алдын ала қарауға қатысу, медиаторлармен бірлесіп, әлеуметтік-еңбек қатынастарының алдын алу және реттеу жөніндегі іс-шараларда, кызметкерлер келісім комиссиясына немесе Қоғам Омбудсменіне жүгінген кезде;
7) Қоғам Басқармасы Төрағасының бұйрықтарында, Қоғамның Басқармасы мен Директорлар кеңесінің шешімдерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

"АлЭС" АҚ Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО өндірістік департаментінің жұмысын басқарады.