Қалдықтарды басқару: технологиялық цикл кезеңдері

«Адам. Қоғам. Табиғат» шығарылымдарының алдыңғы айдарында Республиканың экологиялық заңнаманың негізгі қағидасы ретінде қалдықтарды басқару жүйесімен танысуды қарастырдық, бұл шығарылымда біз кәсіпорындағы тұтыну және өндірістегі қалдықтардың технологиялық циклінің алғашқы екі кезеңін егжей-тегжейлі қарастырамыз.

1 кезең – қалдықтардың пайда болуы.

Кез келген кәсіпорын қызметінің нәтижесінде қалдықтардың әртүрлі түрлері пайда болуы мүмкін, олардың саны мен құрамы кәсіпорын жұмысының ерекшелігіне байланысты болады.
ҚР Экологиялық Кодексіне сәйкес, өндіріс қалдықтары – шикізат қалдықтары, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс процесінде және бастапқы тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқаннан пайда болған; ал тұтыну қалдықтары-өнімдерді, бұйымдарды және өзге де заттарды, тұтыну немесе пайдалану процесінде, сондай-ақ тауарлар (өнімдер) бастапқы тұтынушылық қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқаннан пайда болған.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болатын және кәсіпорындардың өз полигондарында орналастырылатын қалдықтардың мөлшерін азайту үшін қалдықтардың жинақталу нормативтері мен оларды орналастыруға лимиттер белгіленеді, қалдықтардың антропогендік әсерін азайту жөніндегі іс-шаралар әзірленеді, сондай-ақ қоршаған ортаға мониторинг жүргізіледі.
Іс-шараларды әзірлеу және мониторингті жүзеге асыру үшін келесі міндеттер шешіледі:
– қалдықтардың жинақталу нәтижесінде, технологиялық процестер анықталады;
– қалдықтардың қауіптілік сыныптары белгіленеді және оларды уақытша және /немесе тұрақты сақтау орындары ұйымдастырылады;
– өндіріс және тұтыну қалдықтарын кәдеге жаратудың және/немесе сақтаудың ықтимал жолдарына талдау жүргізіледі.

2 кезең – қалдықтарды жинау және (немесе) жинақтау.

 

Кәсіпорындар қызметінің нәтижесінде қалдықтардың келесі түрлері пайда болады:
- құрамында сынап бар шамдар. I қауіптілік сыныбы;
– электролит құйылмаған, бүлінбеген қорғасын аккумуляторлары; II қауіптілік сыныбы;
– құрамында галогендер, полихорланған дифенилдер мен терфенилдер, турбиналық трансмиссиялық, моторлы, индустрилдық, компрессорлық, трансформаторлық өңделген майлар. III қауіптілік сыныбы;
– сыйымдылықтарды мұнай мен мұнай өнімдерінен тазарту шламы (АЖС резервуарлары мен мазут резервуарларын мұнайы бар шламдардан тазартудан). III қауіптілік сыныбы;
– қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары. III қауіптілік сыныбы;
– маймен ластанған сүрту материалдары. IV қауіптілік сыныбы;
– пайдаланылған шиналар. IV қауіптілік сыныбы;
–тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан, ластанбаған резеңке бұйымдар.
V қауіптілік сыныбы;
– өндірістегі тамақ қалдықтары мен тұтыну қалдықтары, осыған ұқсас коммуналдық (қойма орын-жайлары мен аумақты жинаудан қалдықтар (қоқыс). V қауіптілік сыныбы;
– ластанбаған шыны сынықтары (электронды-сәулелі түтікшелер мен люминесцентті шамдардың шыны сынықтарын қоспағанда) және болат дәнекерлеу электродтарының қалдықтары/ тұқылдары. V қауіптілік сыныбы;
– кеңсе қызметі мен іс жүргізуден қағаз бен картон қағаз қалдықтары.
V қауіптілік сыныбы.