«АлЭС» АҚ: айқын және тиімді қызмет

2018 жылдың 9 қарашасында «Қазақстандықтардың әл –ауқатынының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті кеңес өткізді. Кеңес жұмысына Алматы қаласындағы жеті табиғи монополия субьектісі (ТМС) қатысты: «АЖК» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «АлТС» ЖШС, «Алматы Су» МҚК, «КазТрансГаз Аймак» АҚ, «АГТКЭ» ӨБ, «Алматы электр станциялары» АҚ және қоғамдық бірлестіктер мен тұтынушылар қатысты.

Кеңесте оған қатысқан жоғарыда аталған Алматы қаласының жеті табиғи монополия субьектісінің тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларды орындауы жөніндегі есептері тыңдалды. Олар тұтынушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

 2018-11-13 140756

- «АлЭС» АҚ жылу энергиясын өндіру қызметінің тарифіндегі инвестициялық құрамдастың артуы капиталды салымдармен байланысты амортизациялық аударымдармен байланысты, - деп атап көрсетті Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Асель Аргинбаева. Қолданыстағы антимонополиялық заңнамаға сәйкес барлық амортизациялық аударымдар капиталды салымдарға және инвестициялық займдарды өтеуге жұмсалады. 2018 жылы жылу энергиясын өндіру қызметі тарифінің 2017 жылмен салыстырғанда төмендеуі газ құнының төмендеуімен және өндіріс құрылымының өзгеруімен байланысты.