Астанамыздың 20 жылдығына орай 2018 жылдың 5 шілдесінде «Алматы электр станциялары» АҚ-да бильярд спорты бойынша чемпионат өтті. Жарысқа барлық өндірістік құрылымның 27 қызметкері қатысты.
- Бильярд бойынша жыл сайын чемпионат өткізу компаниямыздың дәстүріне айналып барады. Бильярд спорты салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында жүргізіледі. Бұл жылы біз аралас пирамида ережесі бойынша ойнадық,- деп «АлЭС» АҚ Атқарушы директоры Манат Нұртайұлы өз ойымен бөлісе кетті.
Чемпионат жеңімпазы Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор Нұржан Исабаев болды, екінші орынды Атқарушы директор Манат Өксікбаев иеленді, үшінші орын тізгінін 1-ЖЭО жөндеулер қызметінің бастығы Сергей Аметов ұстаса, төртінші орынға 2-ЖЭО күрделі құрылыс бөлімінің бас маманы Жасұлан Азимханов табан тіреді.