600 балдырған және телегей қуаныш

2018-09-10 074328

Ағымдағы жылдың тамызында «Туған елге саяхат» балалар экскурсиялық пойызы» жобасы жалғасты. Екі айға созылған жоба барысында ел ішіне 600 бала саяхат жасады,  олар  барлығы  16 000 км жол жүрді. Екінші кезеңде «Алматы электр станциялары» АҚ атынан 3-ЖЭО өндірістік департаменті   отын – көлік цехының  отын беру жөніндегі машинисі  Ербол Мамырбектің екі қызы  Аида (12 жас) мен  Аяулым (14 жас) жобаға қатысып, ел ішінде саяхат жасады. Астана-Байқоңыр-Түркістан-Алматы-Алакөл –Астана бағыты бойынша екінші экскурсиялық тур 2018 жылдың 1 - 9 тамызы арылығындағы кезеңде өтті.

 2018-09-10 074342

- Біз әпкем екеуіміз жаз айындағы 9 күндік туристік экскурсиядан тамаша әсер алдық, -дейді Аяулым Жайдар. Алдымен біз Астана қаласымен таныстық. «Нұрәлем» сферасы мен «Бәйтерек» монументіне, Экспо көрмесіне экскурсия жасадық. Мені болашақ энергиясына қатысты экспонаттар мен лазерлік шоу, «Робополис» көрмесі таңдандырды. Кейін біз Байқоңыр қаласына сапар шектік. Космонавтика мұражайында ғарышкерлердің ғарыштағы тіршілігімен таныстық: тамағы, көрпе төсегі, костюмдері, құралдары және т.б. Бізге алғашқы ғарышкер жайлы фильм көрсетті.

 2018-09-10 074356

Байқоңырдан соң киелі Түркістан қаласына келдік. Оның сайын дала тарихын баяндайтыны белгілі. ХІV  ғасырдың соңында  тұрғызылған ғимарат -  атақты Қожа Ахмет Иассауи кесенесін тамашаладық. Кіреберісінде  сирек әрі киелі тайқазан тұр. Осы қазанда 500 адамға ас әзірленеді екен. ХІІ ғасырдан бері тұрған құдық суының дәмін таттық.

Ал Алматы қаласында Шымбұлақ  шаңғы курортына  аспалы жолмен көтерілдік, құстар шоуын көрдік. Содан соң Алакөлге жол тарттық, оның шипалы суына шомылдық, батпағын жақтық.

          Осы сапар барысында менің қоршаған әлемге деген қызығушылығым, еліміздің тарихи және архитектуралық ескерткіштерін танып білуге деген талпынысым, Отаныма деген сүйіспеншілігім мен патриоттығым арта түсті. Жоба соңында естелік дипломдар мен сыйлықтар берілді. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына осындай танымдық ерекше саяхат үшін көп рахмет айтамын. Осы сапар арқылы жарқын арманымның бірі орындалды. 

 2018-09-10 074407

Жаз маусымының ортасында біз қызықты әрі танымды «Туған елге саяхат» жобасына қатыстық. 10 күнге созылған ел ішіндегі саяхатымыздың барысында Астана, Байқоңыр, Түркістан, Алматы, Алакөл өзеніне бардық, еліміздің белгілі, қасиетті, танымал жерлерін аралап, тамашаладық. Барлығымыз топқа бөліндік. Әр топтың өз атауы болды. Біздің топқа Юкстар атауын таңдадық. Біз пойызбен жүріп, еліміздің тең жартысын араладық. Купеде төртеуіміз: мен, Саида, Маша мен Кристина болдық. Біз бауырласып, бір –бірімізді жақын тартып кеттік. Біздің саяхытымыз Астана қаласынан басталды. Біз ЭКСПО көрмесіне бардық. Онда болашақ энергиясының қандай болатынымен таныстық. Бізді әйнек көпір, күн жүйесі, 3D-форматындағы дәстүрлер таңдандырды. Сосын Бәйтеректен Астананың алақандағыдай болғанын тамашаладық. Ақорда, Ханшатыры, биік және зәулім ғимараттар мен ЭКСПО көрмесі кімді де болса таңқалдыруы ғажап емес.

Киелі Түркістан қаласында көне тарихи жәдігерлер, монша, үйлер жобасын көрдік. Алматыға келгенімізде тобымызбен атақты 25 қабатты «Қазақстан» мейрамханасына тоқтадық. Біз оның 17 қабатында тұрдық. Саяхат соңында бір –бірімізбен қимай қоштастық. Осындай саяхат үшін рахмет.

 2018-09-10 074417

Детский экскурсионный тур «Туған елге саяхат» является частью Программы социальных инвестиций «Менің Елім», которая реализуется Фондом «Samruk-Kazyna Trust». Начиная с 2016 года, 1120 детей совершили путешествие по Казахстану на специальном поезде, посетив наиболее интересные туристические объекты республики.