2-ЖЭО: ЖӨНДЕУ НАУҚАНЫ

Алдағы 2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмыстарға дайындалу шеңберінде компания қызметінің негізгі бағыттарының бірі ол жөндеу бағдарламаларының уақтылы және сапалы орындалуы. 

2018-07-23 055743

2-ЖЭО-да жүргізілетін жылдық жөндеу кестесіне сәйкес сегіз қазан агрегатына және алты турбоагрегатына жөндеу жүргізу жоспарланды. Бүгінгі таңда екі қазан агрегаты және үш турбоагрегаты жөнделді.

2018-07-23 055753

«Энергожөндеу» өндірістік-жөндеу кешені қызметкерлерінің және жұмылдырылған мердігерлік ұйымдардың күшімен үшінші турбогенераторға және үш қазан агрегатына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 2018-07-23 055804

- Үшінші турбогенераторға жөндеу жүргізу жұмыстары 2018 жылдың 4 маусымында басталды. Мердігерлік ұйымдар конденсатордың орнатылған будасына ауыстыру жұмыстарын жүргізуде. «КазРемЭнерго» АҚ мердігерлік ұйымының базасында генератор роторына күрделі жөндеу, тұмсықтық аппараттың сегменттерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Энергожөндеу» ӨЖК күшімен жоғары және орта қысым цилиндрлеріне, сорғы паркіне, жылуалмастырғыш аппараттарға жөндеу жүргізіліп, конденсатордың негізгі будасы тазаланды,- деп станция жұмысы жайлы 2-ЖЭО турбина цехының бастығы Даулет Шахибасов сөз етті. Үшінші турбогенератор бойынша ұйымдық-техникалық қолдау жұмыстары «Энергожөндеу» ӨЖК турбина жабдықтарын жөндеу учаскесінің бастығы Владимир Регер басшылығымен қамтамасыз етілуде.

2018-07-23 055815

- Бекітілген жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесіне сәйкес үш қазан агрегатына жөндеу жүргізіліп жатыр. Мердігерлік ұйым бірінші қазан агрегатының артқы экранына ауыстырса, «Энергожөндеу» ӨЖК күшімен екінші және алтыншы қазан агрегаттарының жылытқыштары мен жылу камералары жөнделіп жатыр,- деп 2-ЖЭО қазандық цехының бастығы Кенжебай Байзахов жалпы жұмыс барысы жайлы айта кетті. «Энергожөндеу» ӨЖК жұмыстарының барлығын «Энергожөндеу» ӨЖК қазандық жабдықтарын жөндеу учаскесінің шебері Александр Яковлев басқарады.

Жөндеу жұмыстары барысында жабдықтарды пайдалану кезінде анықталған ақаулықтарды жою, электр техникалық және жылу механикалық жабдықтарды тексеру, сондай-ақ оларды жарамды күйде ұстау, берілген жүктемені арта алатындай күйге келтіру бойынша жұмыстар орындалуда.

Қабылданған барлық жөндеу-қалпына келтіру іс-шаралары жабдықтар жұмысының электр энергияны тұрақты түрде өндіре алатындай сенімділігі мен тиімділігін арттырады.