Теорияны тәжірибемен байланыстыру: АЭБУ оқытушыларының АлЭС-тегі тағылымдамасы

2018-11-19 101807

«Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ  «Жылуэнергетикасы» мамандығы бойынша 14  оқытушысы өндірістік тағылымдамадан өтті. 2018 жылдың 5 қарашасынан бастап 13 қарашасын қамтитын мерзім аралығында олар 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, БЖК барды, содан кейін «АлЭС» АҚ Қызметкерлерді даярлау бөлімінде алған тәжірибелік білімдерін бекітті. «АлЭС» АҚ пайдалану қызметінің  бұрыңғы бастығы, тәжірибесі мол маман Орлов Александр Михайлович оқытушыларға қосымша теориялық оқыту  жүргізді.

2018-11-19 101817

Осындай тағылымдамалар оқытушыларға заманауи өнеркәсіптің сұраныстарын жақсы түсінуге және жас мамандарды даярлауда өндірістің өзекті қажеттіліктерін басшылыққа алуға мүмкіндік береді. «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ студенттерінің  дуалды оқыту элементтерімен 1-ЖЭО –да 5 апталық тәжірибеден өтетіндігін ескеретін болсақ, осындай тағылымдамалар оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыра түсетіні апнық.  

2018-11-19 101831

- Оқытушыларға өндірістегі осындай тағылымдамалар тұрақты түрде жүргізілуі ​​тиіс, сол арқылы оқытушылар өндірістегі жұмыстың қыры мен сырын жақсы түсінуге, жаңа жабдықтар жұмысымен жақын танысуға мүмкіндік алады. Ал студенттер болса жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес оқытылады, бұл біздің түлектеріміздің жұмысқа орналасу пайызын арттырады», - дейді Жылуэнергетика және жылуэнергетикасы институтының директоры Балжан Бахтияр. - Сонымен қатар, биылғы жылы алғаш рет 2-3 курс студенттеріміз үшін «АлЭС» АҚ қызметкерлері өз жұмыстары туралы баяндаған және сұрақтарына жауап берген бинарлы дәрістер өткіздік.

2018-11-19 101844

- ЖОО-лар мен кәсіпорындар екі жақты өзара пайдалы серіктестік құрған кезде, сұранысқа ие кәсіпті игеруді армандайтын жастар ұтады. Біздің өзара қарым-қатынасымыздың моделі өте тиімді және менің ойымша, студенттерге білім беру деңгейі артады. Бұл жас мамандарға жұмыс орнында тез бейімделуге мүмкіндік береді», - деді кадрларды даярлау бөлімінің бастығы Жанар Сабикенова.
«АлЭС» АҚ қызметінің басынан бастап Алматы энергетика және байланыс университетімен тығыз ынтымақтастықта болды. «АлЭС» АҚ бүгінгі қызметкерлерінің көпшілігі осы институттың бұрынғы түлектері.