ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай «АлЭС» АҚ еңбек ұжымдарында жиналыстар өтті

2017-12-05 080651

2017 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай «АлЭС» АҚ еңбек ұжымдарының жиналыстары өтті. «Бұл өзінің көп қырлығымен айрықшаланатын айтулы мереке. Тұңғыш Президент күні өзінің идеялық мазмұны жағынан Тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы жетістіктерін айқындайтын мереке, - деп атап көрсетті «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы, Алматы қ. маслихатының депутаты Нұрлан Мұхамед-Рахимов. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арнап, «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттерінің басқарушы директорлары баяндама жасады.

 2017-12-05 080702

Айтулы мереке құрметіне орай өткізілген жиналыста салтанаты түрде «Нұр Отан» партиясының қатарына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі ұйымдастырылды. Партия қатарына қабылданушыларға партия мүшелігін растайтын құжаттар табысталды.

 2017-12-05 080712