Озық ақпараттық жүйелер арнасымен

2017-11-23 074928

2017 жылы 27 қазанда Мәскеу қаласында "1С" фирмасы "1С:ERP Кәсіпорынды басқару 2" және басқа шешімдер мен сервистердің енгізілуі мен дамуына арналған "1С" 1С:ERP 4 Бизнес форумын өткізді. Форумға 1100 ұйым қатысты. Аталған форумға «АлЭС» АҚ атынан Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Асель Аргинбаева және бизнес процестерді автоматтандыру жөніндегі менеджер Алтыбаева Жанар қатысты.

       «Біз "1С:ERP 2 Кәсіпорынды басқару», "1С: Құжат айналымы" және электр энергетикасындағы салалық ИТ - шешімдер сияқты озық ақпараттық жүйелерге үлкен қызығушылық танытты. 1С:ERP инновациялық жүйесі әзірлеушілер үшін мақтаныш, себебі ол есеп жүйесі ғана емес, компания қызметінің әр аспектін қамтитын компанияны басқару жүйесі де», - деп ойымен бөлісті Асель Аргинбаева.

Форумда Ресей почтасы (47 000 пайдаланушы), Трансмашхолдинг (20 000 пайдаланушы), Мәскеу Үкіметі (13 000 пайдаланушы) аталған технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісті. Жүйені енгізген компаниялардың баяндамашылары бірауыздан инновациялық жүйеге көшудің қиын болғанымен, экономикалық тұрғыдан тиімділігі анағұрлым жағымды игі іс болғандығын айтты.