Жасыл десант

2017 жылдың 7 қазанында Алматы қаласының 1001 жылдығына орай «Ару Алматыға - 1001 түп жасыл желек» науқаны ұйымдастырылды. Қаланың рлық аудандарында 1001 түп ағаш отырғызылды. Науқанды ұйымдастырушы «Нұр Отан» партиясы. Осы акцияға «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенділері қатысты.

 «Біз Жандосов көшесінің бойында Алматы экономика және статистика академиясы ғимаратының алдына 20 түп ағаш көшеттерін отырғыздық. Белсенді қатысқанымыз үшін бізге М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс театрындағы «Үлкен ұл» қойылымына екі билет берілді,- деді «Жарқын Болашақ» ЖҰ төрағасы Фариза Ботақараева.

 

Анықтама: Алматы қаласының атқарушы органдарымен қала аумағын жасылдандыруға бағытталған іс шаралар ұйымдастырылып отырады. 2017 жылы 11200 түп, оның 1300 қылқан және 9900 жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Күзде 16 мың қылқанды және жапырақты ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Сондай ақ 1270 гүлзарға гүл шоқтары отырғызылды, жол магистралінің бөлгіш таспаларына, көлік айырықтарының ашық алаңдарына және қаланың басқа да бөліктеріне сән беретін тігінен көгалдандыратын 4212 элемент орнатылды. Жалпы ауданы 11 мың шаршы метрді құраған гүлзарлар мен көгалдар отырғызылды.