Ұлыстың ұлы күні – НАУРЫЗ мейрамы атап өтілді

2017 жылдың 22 сәуірінде «АлЭС» АҚ-да шуақты көктемнің келгенін, табиғаттың жаңарғанын, жаңа жылдың басталуын білдіретін Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі салтанатты түрде атап өтілді. Аталған іс-шараға энергетика саласының ардагерлері, басшылық құрамы, өндірістік департаменттердің еңбек ұжымы қатысты.
Мерекелік іс-шарада халқымыздың ұлттық әндері айтылып, билер ұйымдастырылып, ұлттықойындаройнатылып, спорттық жарыстар өткізілді. Ұжымымыздың кез-келген тұлғасы өзін бірлігі жарасқан Қазақстан Республикасы сияқты көп ұлтты мемлекетте тұратындығын мақтанышпен айта алатындай сезімде болып қайтты десек артық айтпаған болармыз.
Мерекеге келген барлық меймандар бір-біріне жақсы тілектер айтып, Наурыз көжеден ауыз тиіп, дастарханнан дәм алып қайтты.

Қызықты деректер:
1. Наурыз мейрамы 22 наурыздан бастап 21-22 сәуір айына дейін толық бір ай атап өтіледі екен (ресми түрде емес).
2. Қазақстанның батыс өңіріндегі Маңғыстау және Атырау облыстарында Наурыз мерекесі «амал» деп аталып 14 наурыздан басталады, бұл күні адамдар бір-бірімен жүздескен жерде қол алысып, «Жыл құтты болсын!» деп құшақтасып көріседі екен, сондықтан да бұл салтты «көрісу» деп атап кеткен.
3. Наурыз мейрамы дінге байланысты емес. Оның шығу тарихы нақты белгілі болмағандықтан, тек деректерге сүйеніп қана оның исламға дейін шыққандығы айта аламыз. Наурыз - тарихи түп-тамыры пұтқа табунышылық пен зороастризмнен алынған көне мейрам.
4. Наурыз мейрамын бұрын «Бұлақ көрсең, көзін аш!»,-деген ертедегі салт жолдары бойынша таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңдықарсы алумен бастайды екен.
5. Осы айда дүниеге келген нәрестелерді түбірі «Наурыз» деген сөзден шыққан атпен атаған, мысалы: ер балаларды Наурызбай, Наурызбек десе, ал қыз балаларды Наурыз, Наурызгүл деп атаған деседі.
6. Бұл күні қар жауса, ол жақысылықтың нышаны деп есептелген. Наурыз айында жауған қардың түсі ерекше аппақ болып, үлпілдеп тұрғандықтан аңыздарда бойжеткеннің сұлулығын Наурыздың қарына теңеген екен.
7. Посткеңестік кезеңдегі елдердің ішінде Наурыз мейрамы Әзірбайжан, Түркменстан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжік және Өзбекстан елдері, ал алыс шетелде - Афганистан және Иран елдерінде аталып өтіледі.
8. Қазақстанда Наурыз мейрамы 1926 жылдан бастап 1988 жылға дейін тойланбаған. 2001 жылдан бастап Наурыз мейрамы мемлекеттік мейрам деп жарияланды, ал 2009 жылдан бастап мереке 21 наурыздан бастап 3 күн қатарынан тойланып келеді. Бұл үш күн Қазақстанда демалыс күндері болып есептеледі.
9. Наурыз мейрамында әзірленетін «Наурыз көже» ұлттық тағамы жеті дәннен жасалады. Бұл сандар ғалам шексіздігінің уақыт бірліктері болып келетін - аптаның 7 күнін білдіреді: ақсақалдың алдына наурыз көже құйылған 7 тостаған қойылады. Әрбір отбасы кем дегенде 7 үйді аралап, 7 адамды қонаққа шақыруы керек деседі.