«Алматы электр станциялары» АҚ 2015- 2025 жж. арналған 1- ЖЭО табиғат қорғау шараларының жоспарларын талқылау мақсатында қоғамдық тыңдаулар өткізді

    2015 жылдың 20 мамырында «АлЭС» АҚ - сы 2015- 2025 жж. арналған 1-ЖЭО табиғат қорғау шаралары жоспарларын талқылау мақсатында тұтынушылар мен мүдделі тұлғалар алдында қоғамдық тыңдаулар өткізді. Қоғамдық тыңдауларға өкілетті орган, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жақын жатқан аудан тұрғындары және т.б. қатысты.

    1- ЖЭО Баптау және табиғатты қорғау цехінің бастығы Ламзар Машанло 2015-2019 жж. арналған 1-ЖЭО табиғат қорғау шараларының тиянақты жоспарын баяндады. Ол алдыңғы шекті ұйғарынды шығарындылар жобасының әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес «АлЭС» АҚ 1-ЖЭО арналған шекті ұйғарынды шығарындылар жобасының әзірленгенін атап өтті. 1-ЖЭО –ның ауа айналымы төмен қала орталығында орналасқанын ескере отырып, пайдаланатын отын түрі мен сапасына қатысты станцияның экологиялық қызметі ҚР Үкіметінің бірқатар қаулылары және Маслихат шешімімен реттемеленеді. Осыларға сәйкес жылу беру кезеңдері аралығында станция тек газ жағып, ал жылу беру маусымында – газ, аз күкіртті мазут және Қарағанды көмірін жағып жұмыс істей алады. Алматы 1–ЖЭО –сы осындай қатаң экологиялық талаптар қойылатын Қазақстандағы жалғыз ғана станция. Жылу беру кезеңдері аралығында қаланың орталық бөлігіндегі экологиялық жүктемені төмендету үшін 1–ЖЭО толықтай тоқтатылады. 2–ЖЭО және 1–ЖЭО байланыстырушы жылу магистралінің пайдалануға берілуі 1–ЖЭО қуатын төмендете отырып, 2–ЖЭО қуатын пайдалануға мүмкіндік берді.
    Сонымен қатар, анағұрлым экологиялық таза отын түрі – газды пайдалану көлемін ұлғайту қатты отынды пайдалану мөлшерін едәуір төмендетті.
    Талқылау сындарлы сипатта өтті. Айтылған ұсыныстар «АлЭС» АҚ 1- ЖЭО алдағы уақыттағы іс –әрекетінде ескеріледі.

2015-05-29 111150

2015-05-29 111223