«Алматы электр станциялары» АҚ-сында 1-ЖЭО –ның 80 жылдық мерейтойына арналған аймақтық және республикалық БАҚ журналистері үшін баспасөз – туры өткізілді

    «Самұрық -Энерго» АҚ бастамасымен «Алматы электр станциялары» АҚ-сында 1-ЖЭО –ның 80 жылдық мерейтойына арналған аймақтық және республикалық БАҚ журналистері үшін баспасөз – туры өткізілді.
Журналистер Алматы аймағының көне жылу энергетикалық орталығы – Алматы 1- ЖЭО барып қайтты.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне энергетиктер жұмысының ерекшелігін өз көзімен көрумен қатар, көптеген сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі берілді. «Казахстанская правда», «Вечерний Алматы/Алматы ақшамы», «Я покупатель и собственник», «Литер» газеттерінің, «Алматы» және «Қазақстан» телерадиокомпаниясының, «Капитал» іскерлік порталының, «Казинформ» ақпараттық агенттігінің, «Эксклюзив» журналының журналистері басқару қалқанына, турбина цехына, жылуды қабылдау пунктіне барып, станция мерейтойына арналған салтанатты жиналысқа қатысты.
    Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары – Бас инженер БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, «80 жыл ішінде станцияның электр қуаты 14 есеге, ал жылдық электр энергиясын өндіру көлемі 220 есе артқанын» айтты. Алдағы уақытта газды турбиналық технологиялар базасында жаңа энергия көзін орнату арқылы 1-ЖЭО –ны кеңейту жоспарланған. 2007 жылдан бастап 2014 жылды қоса алған уақыт аралығында «АлЭС» АҚ 1- ЖЭО өндірістік департаментінде ластаушы заттектердің ауаға шығырылу көлемін 8 635 тоннадан 2 110 тоннаға дейін, яғни 4 есе кемітуге мүмкіндік беретін табиғат қорғау шараларының кешені орындалды. Жақын күндері баспасөз –турының қорытындысы бойынша телевидениедегі жаңалықтар бағдарламасында сюжеттер көрсетіледі, газетте мақалалар жарияланады. Журналистер арқылы қазақстандықтар 1-ЖЭО тарихи күні туралы біле алатын болды.

046