«Алматы электр станциялары» АҚ-та корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі 2013 жылдағы жұмыс қорытындылары туралы есеп берілді

2014 жылдың 24-26 ақпан аралығында 2013 жылы атқарған жұмыс қорытындысы және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы алдағы кезеңге арналған мәселелер туралы еңбек ұжымын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ компаниялар тобының басшыларының жыл сайынғы есепті жиналыстарын өткізу барысында, «АлЭС» АҚ-та Қоғамның еңбек ұжымдарында жиналыстар өткізілді.

Компанияның 2013 жылға арналған негізгі бағыттары мен нәтижелерін, Компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы негізгі басымдықтарын атап Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов есеп берді. Жалақы қоры, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, Қоғам ұжымын даярлау, еңбекке ынталандыру саясаты, ақпараттық ашықтық саясаты және т.б. қатысты сұрақтар қарастырылды.

Есепте Қоғамның негізгі ірі күнтізбелік оқиғалар баяндалды (ұжымдық келісімшартқа қол қою,

3- ЖЭО күл үйіндісінің №4 секциясының шағын алаңың кеңейту жұмыстарын аяқтау, «Алматы 2-ЖЭО қайта құру және кеңейту. ІІІ кезең. Қазандық бөлмесі» жобасы бойынша қазандықты іске қосу, «Жарқын Болашақ» жастар ұйымын және «Ақсақал кенесі» ардагерлер кеңесін құру, «АлЭС» АҚ 7-жылдығы, Алматы энергия кешенінің 70 жылдығы, ГЭС Каскады мен БЖК өндірістік департаменттерінің мерейтойлары, «KAZENERGY» ассоциациясына қосылу және т.б.)

Жалпы айтқанда, есеп бейқаржылық есептеме үдерісінің даму реттілігін айқындайды, корпоративтік басқарудың сапасы мен ашықтығын көтереді, Қоғамның өз қызметкерлері алдында  міндеттемелерін ашып көрсетеді.

Талқылау барысында жалақы, тұрғын үй, қызметкерлерді бос лауазымдарға алу, өндіріс саласындағы инновациялар және басқа да мәселелер туралы сұрақтар қойылды. Барлық компания қызметкерлерімен қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауаптар берілді.