Алматы 3-ЖЭО станциясының іске қосу күнінің 50 жылдығын тойлауда

АЛМАТЫ. 30 наурыз. КАЗИНФОРМ / Берік Бекмурзаев / Өз 50 жылдығында орай өткен қыста 3-ЖЭО 200 МВт жүктемені ұстай алғанының символдық мәні бар, өйткені бұл тек қана жаңа станцияда жасау мүмкін.

Бұл туралы алдында Алматыда өткен салтанатты жиналыста «Алматы электр станциялары» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов айтып кетті.

Салтанатты жиналыста мінсіз жұмыс және АлЭС АҚ 3-ЖЭО дамытуға қосқан жеке үлесі үшін еңбек ардагерлері мен еңбек озаттары марапатталды.

«Маған біздің акционерлік қоғамымыздың дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіруге рұқсат етіңіздер. Сіздердің, озаттардың,  арқаларыңызда , қазіргі заманғы технологияларды енгізу, энергия үнемдеу және энергия өндіру тиімділігі, ақпараттық технологиялар және бағдарламалық кешеңдерін енгізу бойынша, сонымен қатареңбек өнімділігінің, корпоративтік басқарудың және адам ресурстарын басқару жүйесінің деңгейін көтеру бойынша үлкен жұмыс атқарылуда», - Н. Мұхаммед-Рахимов баса айтты.

Бұған қоса, бүгін мерейтой тойлау құрметіне еңбегі сіңген энергетик-ардагерлері, «Самұрық-Энерго» АҚ және «АлЭС» АҚ өкілдері шақырылған салтанатты кеш өтеді.