Әр үйге жылу мен жарық

АСТАНА. 9 қаңтар. КАЗИНФОРМ – «Алматы электр станциялары» АҚ (АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компаниясы) ірі өндіруші компания ретінде Алматы облысы бойынша үздіксіз энергия және жылумен қамтамасыз ету жөнінде жоғары кәсіби жұмыс атқарады.

 Алматы облысы бойынша жалпы тұтынудың жылу-электр энергиясының өндіру үлесі: электр энергия бойынша – 72% (2011 жылы – 5,4 млрд. кВт/с; жалпы тұтыну – 7,5 млрд. кВт/с), жылу энергия бойынша – 70% (2011 жылы – 5,7 млн. Гкал; жалпы тұтыну – 8,4 млн. Гкал).

«АлЭС» АҚ энергия көздерінің жасы – 31 жастан 76 жасқа дейін. Энергия көздерінің ағымдағы өндіру деңгейін ұстап тұру үшін 2011 жылы бекітілген кестеге сәйкес жөндеу науқаны толық жүзеге асырылды. Барлық энергия жабдықтары 100 %-ға жөнделіп, жөндеу шығындары 4,5 млрд. теңгеге шықты.

Өндіру жабдықтарының апатсыз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында «АлЭС» АҚ энергия көздерінің пайдалану мұқтаждықтары үшін қажетті отын, химреагент және қосалқы бөлшектер қорлары жиналды. Көмірдің (454,1 мың тонна) және мазуттың (43,4 мың тонна) айлық қорлары құрылды.

22.11.2011 ж. 2011-2012 жылдар аралығындағы күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа әзірлігі туралы ҚР ИЖТМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Паспорты алынды.

Энергия көздерінің әжептәуір жасын ескере отырып 2011 жылы қайта құру өткізіліп, іске қосылғандар:

- ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 градирнялары. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде қолданыстағы шектеулерді шешу арқылы қолдағы электр қуатының өсімі 132 МВт болады, бұл жылына 585 миллион кВт/с-тан астам қосымша электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Бұл Алматы облысы бойынша энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға ықпал етеді;

- Электр станцияларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО күл үйінділері.

Оңтүстік Қазақстандағы электр қуатының тапшылығымен байланысты 2011 жылдың қараша-желтоқсан айларында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның сұрауы бойынша «АлЭС» АҚ электр қуатының өндірісін шарттық міндеттемелерден асырып қараша айында 36 %-ға, ал желтоқсан айында 19%-ға көтерді. 2011 жылдың қараша-желтоқсан айларында жылу энергия өндірісі 2010 жылғы балама кезеңімен салыстырғанда 11 %-ға өсіп 1,6 млн. Гкал болды.

«АлЭС» АҚ-пен қуатты арттыруға бағытталған бірқатар басым стратегиялық жобалар белгіленді: 2-ЖЭО-да бойлер орнатылған жұмыс бөлмесі мен №8 қазандық агрегатын; 1-ЖЭО-да екі газ турбиналық блоктарын іске қосу; Кербұлақ ГЭС құру және т.б.

Өндірісті қолдау үшін «АлЭС» АҚ-пен қабылданатын барлық іс-шаралар Алматы қаласында 2011-2012 жж. жылу беру кезеңінде сенімді жылу және электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

http://www.inform.kz/rus/article/2431511