«АлЭС» АҚ қызметкерлерін 8 наурыз мерекесімен құттықтау

Жыл сайын Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «АлЭС» АҚ қызметкерлері компанияға еңбек сіңірген зейнеткер әйелдерді осы мейраммен ерекше құрметпен және ілтипатпен құттықтап отырады.

 

 

Ольга Дмитриевна Друзина 3-ЖЭО электр станцияларының автоматикасы мен өлшеу құралдарына қызмет көрсету жөніндегі электрослесарь болып жұмыс істеді. Ол өзін кәсіби маман ретінде көрсеткен тұлға, станциядағы еңбек өтілі 27 жылды құрайды. Ольга Дмитриевнаның тәжірибесі мен әріптестеріне деген жылы қарым-қатынасы ұмытылмайды.

 

 

Наталья Владимировна Коробицына 38 жыл бойы компанияға өз еңбегін сіңіріп келеді. «Менің еңбек жолымды 19 жасымнан бастағанмын», – деп еске алады Наталья Владимировна. – Мен жас маман ретінде ол кезде «Алматыэнерго» деп аталатын біздің мекеменің кеңсесінде қызмет атқардым. Осы уақытқа дейін әр түрлі басшылар ауысып отырды, менің өмір жолымда жақсы адамдар, сүйікті ісімнің нағыз мамандары кездесіп өз тәжірибелерімен бөлісті. Ал 2012 жылы мен зейнеткерлікке шықтым, бірақ әлі күнге дейін энергия жүйесінде істеген жұмысымды қызықпен еске аламын».

 

 

Надежда Васильевна Кандаурова, 3-ЖЭО өндірістік департаментінің бухгалтері, бухгалтерлік есепті дамытуға және станцияда жаңа бағдарламаларды енгізуге айтарлықтай үлес қосты. Ол жұмысқа өте адал, әрқашан өзін-өзі жетілдіріп отыратын қызметкер ретінде есте қалды.

 

 

 

Зинаида Анатольевна Бенке, Жақұтов ат. 2-ЖЭО химия цехының химиялық талдау зертханашысы болып жұмыс істеді. Қарашаш Зейтайқызы Қабылдажанова станцияда жүктерді және багажды қабылдап-тапсырушы болып еңбек етті. Олардың 2-ЖЭО-ға қосқан үлесі орасан зор, өз істеріне адал және кәсіби маман ретінде ерекшеленді.

 

Наталья Борисовна Борискина, Компанияда шамамен 25 жыл жұмыс істеді, ОҚТО қоймасының меңгерушісі әріптестеріне біріге атқарған жұмысы мен қарым-қатынасы үшін зор алғысын білдіреді. Ол компанияға тек ризашылығын білдіреді, өйткені компанияда ұжымы арасында әрқашан өзара түсіністік пен ынтымақтастық қалыптасқан.

 

 

Ләззат Құлмұханқызы Құлмұратова, 12 жыл бойы Ш.Шөкин ат. Қапшағай ГЭС-те рұқсаттама бюросында кезекші болып жұмыс істеген, ол қолдау білдіргені үшін компанияға алғысын білдіреді.

 

 

  

Қырмызы Дүйсенқызы Қасымбалинова, «АлЭС» АҚ-да материалдық-техникалық жабдықтау және қызмет көрсету басқармасы отын жеткізу бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. «Достық даңғылы, 7 үй – бұл менің екінші үйім болатын», – деп атап өтті Қырмызы Дүйсенқызы. – «АлЭС» АҚ басқармасының әлі де мені ұмытпағаны қуантады, екінші үйіме рахмет» дейді зейнеткер.

 

 

 

Татьяна Федоровна Нестеренко, Каскад ГЭС электротехникалық зертханасының бастығы, энергетиктердің қарқынды жұмыс кестесін жақсы біледі. Ол компанияда 40 жыл жұмыс істеген, сондықтан ол әріптестерінің істеп жатқан қамқорлығын ерекше бағалайды.

 

 

 

Назия Байболатқызы Өтелбаева, 3-ЖЭО-дағы ОҚТО учаскесінің бастығы, ол өз жұмысының ауыр әрі жауапты болғанын атап өтті. «Тәулік бойы вагондар келіп жататын, қолмен түсіретінбіз, техника бұзылып жататын», – деп еске алады Назия Байболатқызы. – Қыста бір күнде 3-4 вагон түсіретінбіз, өйткені көмір қатып мұз күйінде келетін. Соған қарамастан біз вагондардың тұрып қалмауы үшін бар әрекетті жасайтынбыз. Менің жұмысым маған өте ұнайтын, әлі күнге дейін зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерін өте бағалайтын тамаша ұжыммен жұмыс істегенімді мақтан тұтамын.

Людмила Николаевна Чехова, су төгетін моторшы, бала кезінен өз өмірін Каскад ГЭС-пен байланыстырды. Мұнда оның ата-анасы жұмыс істеген. Ол АлЭС-те жұмыс істеген уақыты ең қызықты уақыт болғанын атап өтті. «Егер сіз өз жұмысыңызды жақсы көретін болсаңыз, онда өміріңізде бір күн де жұмыс істеудің қажеті жоқ» деген қанатты сөз тегіннен тегін айтылмаса керек. Людмила Николаевна бір кездері Каскад ГЭС-тің жұмысына қосқан үлесі үшін тағдырына ризашылығын білдіреді.

Тұрар Байгенқызы Тұрсынқанова, Батыс жылу кешенінің сорғы машинисінен ӨТБ жетекші инженеріне дейін қызмет жолын жүріп өтті, бір кәсіпорында 42 жыл жұмыс істеген.

 

 

Елена Степановна Бондарева, логистика бөлімінің бастығы, «БЖК-нің қаһарман әйелі, тіпті жұлдыз деп айтсақ та артық болмайды», – дейді әріптестері. Оның кәсібилігі мен маңыздылығы туралы аңыздар БЖК ұжымында әліге дейін айтылып келеді, жұмыс берушіге мұндай қызметкерлер сирек келеді.

 

«АлЭС» АҚ-ның 485 зейнеткер әйелдері құттықтаулар мен мерекелік сыйлықтар алды. Көктемгі мереке қарсаңында «АлЭС» АҚ ұжымы барлық әйелдерге денсаулық, бақыт және барлық өздері қалаған тілектердің орындалуын тілейді! Сіздің еңбегіңіз әрқашан бағаланады, компанияның дамуына қосқан үлесіңіз тарихта қалады. Мереке құтты болсын, құрметті әріптестер!