АлЭС: Ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы меморандумға қол қойылды

Геосаяси жағдайды және тауарлар құнының өзгеруін ескере отырып, тауарларды, қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды әлеуетті жеткізушілердің ауқымын кеңейту үшін АлЭС АҚ-да ҚР-да қолданылып жүрген ҚХР, ЕО және АҚШ стандарттарына МемСТ, ОСТ және ТШ өзара алмастырылуын және өзара байланысын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Негізгі және қосалқы жабдықтарды уақтылы және сапалы жөндеу үшін Компания China National Electric Engineering Company Мемлекеттік корпорациясына Ссапаның салыстырмалылығы және ҚР ҒТҚ талаптарына сәйкестігі мәселелерін пысықтау үшін мыңнан астам позициядағы маңызды тауарлардың тізбесін жіберді. Бүгінгі таңда осы корпорацияның инженерлік-техникалық қызметкерлерімен тәуелділікті азайту және жеткізу географиясын кеңейту үшін бізге қажетті тауарларға балама ұсыныстарды іздеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

– "АлЭС" АҚ-ға біздің өндірісімізбен, пайдаланылатын жабдықпен танысу мақсатында 2022 жылдың қазан айының басында құрамында үш техникалық басшы Ли Чунхай, Ма Лин, Лю Цзюньчан бар қытай делегациясы келді, – деп атап өтті "АлЭС" АҚ Пайдалану басқармасының бастығы Алексей Скрябин. – Үш жылу станциясына таныстыру сапарының нәтижесі бойынша бірлескен жұмыстар үшін іс-шаралар белгіленіп, 2022 жылғы 5 қазанда біздің Компаниялардың мамандары арасында Ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы меморандумға қол қойылды.

Тауарларды импортты алмастыру бағдарламасы аясында "АлЭС" АҚ энергетикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін ҚХР кәсіпорындары өндірісінің өнімдерін қолдану бойынша ынтымақтастық мүмкіндігі қарастырылуда.

Бағдарлама бойынша бірінші кезеңде АлЭС-те техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде пайдаланылатын тауарларды зерделеу, сондай-ақ CNEEC-ке ҚХР-да өндірілетін тауарлардың сипаттамалары бойынша баламалы, бірдей тауарларды ұсыну көзделеді.