АлЭС қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе салдырды

 2021 жылдың 11 мамырына компанияда 656 қызметкер екпе қабылдады.

Мамыр айының басында 3-ЖЭО-де станция қызметкерлері үшін мобильді егу пункті қайтадан ашылды. Станцияның 90 қызметкері екінші екпе салдырды.

 

- Мен екпені алуға көп ойландым. Қазіргі таңда екпе салуға 100% қосыламын. Себебі менің төрт немерем және қарт анам бар, олардың  денсаулығына қауіп төнгенін қаламаймын. Жұмыстағы әріптестеріме де менің зияным тигенін қаламаймын. Екпе қабылдағаннан кейін өзімді жақсы сезінемін. Біз үшін екпе салдыру бұл қозғалыс еркіндігі. Өзгелерді қорғап, құрметпен қарайық. Екпе салдырыңдар! –деп 3-ЖЭО «Энергожөндеу» ӨЖК жылу оқшаулауламаныжөндеу жөніндегі учаскенің шебері Ольга Денисенко шақырды.

 

Станцияның көлік учаскесінің бастығы Виктор Плахин: «Мен әлемдегі, елдегі қазіргі жағдайды түсінемін. Ұжымдық иммунитет қажет. Егер барлық адамдар екпе қабылдаса, біз бұл дертті жоямыз. Мен мұны адамдарға түсіндіруге тырысамын. Екінші екпеден кейін мен өзімді жақсы сезінемін. Жұбайым, туыстарым да екпе салдырды. Барлығын екпе қабылдауға шақырамын!»

 

 

- Біз өзімізді және әріптестерімізді қорғауымыз қажет. Сонымен қатар, біз үздіксіз жұмыс істейміз, себебі бізде әлеуметтік өнім бар. Сондықтан ұжымның қауіпсіздігі мен денсаулығы-бұл біздің алғашқы міндетіміз,-деп әңгімесін жалғастырды 3-ЖЭО Басқарушы директорының орынбасары Марат Әмір.