Дәрігер адамның жанын сақтаса, мен электр қозғалтқыштарды…

 

өз жұмысы туралы 3-ЖЭО орамаларын және оқшауламасын жөндеу жөніндегі электр монтері Валентина Усманкина

Мектептен кейін

 

Электр станциясына алғаш рет 1984 жылы 19 жасымда келдім. Мені орау цехына электрмонтер болып қабылдады. Менің алғашқы тәлімгерім керемет жан, өз ісінің маманы Девятова Александра Дмитриевна. Ол 3-ЖЭО электр цехында электр слесарі болып 28 жыл жұмыс істеді. Маған бәрін үйреткен сол кісі. Оның қатаң бақылауында төрт жыл жұмыс істедім. Кейін тұрмыс құрып,  артынша декреттік демалысқа кеттім.

 

15 жылдан кейін станцияға оралдым

38 жасымда мені станцияға қайта шақырды. 2003 жылдан бастап, 19 жыл бойы мен электр цехында орамаларын мен оқшауламасын жөндеу жөніндегі электр монтері болып жұмыс істеймін. Жұмыс қиын, бірақ өте қызық. Мектепте маған физика ұнамады, әйтсе де бұл пән менің жұмысымның негізі. Қандай да бір сұрақтар туындаса, интернеттен  табуға тура келді (қазір бұл өте қолайлы).

 

Менің ұжымым керемет. Менің тікелей жетекшім өндірістік учаскенің аға шебері Стафоров Владимир Александрович өз жұмысымда ұмытқан кейбір нәрселерді еске түсіруге көмегін тигізді. Станцияда барлығы үйлесімді жұмыс істейді, маған өте ұнайды. КСРО рухы әлі күнге ғимаратың қабырғасынан сезілетіндей.

 

Дәрігер секілді...

Дәрігер адамдарды жанын сақтап, қайта дем берсе, ал мен электр қозғалтқыштарды. Қайта оралғаннан кейін қозғалтқыш жұмыс істей бастағаны жағымды сезім. Қазір станциядағы жабдықтар біртіндеп жаңартылуда, оны түсіну, үйрену өте қызық. Жалпы, мен кең профильді маркшейдер - геодезистке оқыдым. Жол салам деп ойлағанмын. Бірақ тағдырым басқаша шешті. Мен еш өкінбеймін. Мен өз жұмысымды ұнатамын. Бұл кәсіпте өзімді керек, маңызды сезінемін. Егер уақытты кері қайтарсам, мен ораманың мамандығын ойланбастан таңдар едім. Өйткені энергетика мамандығы мақтан тұтарлық, қоғамға пайдасы зор. Себебі, біз адамдарға жылу мен электр қуатын береміз.

 

Тәжірибеден өтуге студент келген кездегі бір жайт есімде қалды. Мен тәлімгер едім. Бұл өте маңызды сәт болатын. Студентке өзімнің білетін барлық білімімді бердім. Ал іс жүзінде ол үшін бәрі қызықты, әрі қиын болды.

 

Отбасым туралы

Менің әкем Саранск қаласында (Ресей) бас инженер болып жұмыс істеді, оның жобалары бойынша шағын аудандар салынды. Ол ғимараттар мен құрылыстарды салса, мен оған жылу мен электр қуатын беремін. Қандай тамаша.

 

Жұмыс күндері мен отбасы туралы ұмытпаймын. Менің үш балам бар. Немерелерім бар. Жұмыстан кейін мен оларға асығамын. Айналаңыздағы жақындарыңыз бен туыстарыңыздың бақытты болғаны, қандай бақыт. Демалыс күндерімді балаларыммен және немерелеріммен бірге өткіземін. Әйел бақыты деген- осы болар. Бос уақытымда үйде тоқумен айналысамын.