Болашаққа сеніммен қарау

Қапшағай ГЭС Ұлы Отан соғыс ардагері Гуляев Виктор Павловичті құттықтау дәстүрге айналды

Бұл жылы да әдеттегідей, Басқарушы директор бастаған Қапшағай ГЭС белсенділері ардагерді бейбітшілік пен бостандық үшін шексіз алғыстарын білдіріп, құттықтады.
Виктор Павлович Гвардиялық Қызыл танк бригадасының құрамында фашистерден Украина, Молдавия, Ресейдің оңтүстігін босату шайқастарына қатысты. Неміс әскерінің 6-шы штабын талқандауға қатысқаны үшін «Қызыл жұлдыз» Орденіне ие болды. Чехословакияны, Венгрияны, Болгарияны, Югославияны, Румынияны босатуға қатысқан. Виктор Павлович 38 жауынгерлік, еңбек, мерейтойлық марапаттауларға ие. Қызмет жолында Қапшағай ГЭС жұмысы мен құрлысын жетекшілік етті. Қапшағай Энергетика станциясын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Виктор Павловичті энергетиктер қатты бағалайды.
-Еш ауыртпашылықтарға қарамастан, Виктор Павлович болашаққа сенімін, өмірге деген сүйіспеншілігін жоғалтпаған. Ардагер дастархан басында әскери уақыт пен оның жеке өміріне байланысты өткен жылдардың тарихын әңгімелеп берді. Күлкі-өмірді ұзартады демекші, әңгіме барысында қалжыңдап отырғаны көз қуантарлық! Ал енді атасын айналшықтап, өзіне назарын аудартқысы келген немересінің махаббаты, бізді ерекше толғандырды, - деді Қапшағай ГЭС кәсіподақ комитетінің төрағасы Ирина Подскребкина.

- Зұлым соғыс жылдары артта қалғанымен, болашақ ұрпақ үшін бейбітшілікті сақтай білген аталарымыздың ерлігі – ешқашан ұмытылмас! Біздің ардагер 94 жаста. Біз жиі келіп, мерекелермен құттықтап тұрамыз. Виктор Павлович бізбен өз естеліктерімен бөлісіп, фотоальбомдағы суреттерді көрсетеді. Мәскеуге шақыртумен қатысқан, шеруді мақтанышпен еске алады. Біз ардагерлеріміздің алдында борыштармыз, оларды шын жүрегімізбен мақтан тұтамыз және мәңгі есте сақтаймыз - деді Қапшағай ГЭС Басқарушы директоры Бағдәулет Устенов.

Ардагерге «Алматы электр станциялары» АҚ-ның атынан 500 000 теңге және азық-түлік себеті сыйға тартылды.