АлЭС-те коронавирус жұқпасының таралуының алдын-алу шаралары

Компания 140 000 медициналық маскалар, 700 литр антисептикалық сұйықтық, 5 000 жұп медициналық қолғаптар және т. б.қажеттіліктер сатып алды.

«Алматы электр станциялары» АҚ карантин кезінде штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.

Үздіксіз өндірісті қамтамасыз ететін жұмыскерлер, сондай - ақ жабдықты жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін персоналдың бір бөлігі әдеттегі режимде жұмыс істейді. Ғимаратқа кірер алдында жұмыскерлер қолдарын антисептикалық сұйықтықпен өңдейді және медицина қызметкерлері байланыссыз термометрмен дене температурасын өлшейді.

- Барлық жұмыскерлер медициналық маскалар мен қолғаптарды пайдаланады. Бүгінгі таңда барлық жұмыскерлер (2 446 адам) медициналық маскалармен және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген. 140 000 медициналық маска, 700 литр антисептикалық сұйықтық, 9 байланыссыз термометр, 20 санитайзерлер (қол жууға арналған бактерияға қарсы гель) және 5 000 жұп медициналық қолғаптар сатып алынды. Күніне екі рет дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, жұмыс және тұрмыстық орын-жайларда санитариялық өңдеу жүргізіледі. 

Адамдар көп жиналатын және ортақ пайдаланылатын жерлерде қолды өңдеуге арналған қабырғалық санитайзерлер бар. 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС және «Энергожөндеу» ӨЖК персоналын жеткізу үшін көлік құралдары маршрутқа шығу алдында және персоналды жеткізгеннен кейін санитарлық өңдеуден өтеді, - деп атап өтті Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Марат Ақылбай. 55 жастан жоғары бірқатар басшылар мен мамандар, сондай-ақ созылмалы аурулары, мүгедектігі бар жұмыскерлер, жүкті әйелдер қашықтықтан қол жеткізу режиміне ауыстырылған. Әрбір басшының міндеті жаңа жағдайларда өз бөлімшесінің жұмыс жоспарын құру.

«Эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты жедел әрекет ету штабының» күн сайынғы отырысы өткізіледі және «АлЭС» АҚ бойынша жауапты кезекшілердің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды. Уақытша еңбекке жарамсыздығы мен сырқаттанушылық түрін бақылай отырып, персоналдың жұмыс орындарына шығуын есепке алу жүргізіледі. «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы әріптестерінен «үй – жұмыс-үй» қозғалысының белгіленген ережелерін қатаң ұстануды, қауіпсіздік пен гигиеналық барлық шараларды сақтауды талап етуде. Өндірістік процесс жүргізілетін жерде қызметкерлердің жиналуына жол бермей, жеке байланыстарды барынша шектеп, корпоративтік байланыстың барлық түрлерін пайдалана отырып жұмысты жүзеге асыру.