Жылу энергиясын өндіру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке тарифтің шекті деңгейін төмендету туралы

«Алматы электр станциялары» Акционерлік қоғамы тұтынушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қ. бойынша департаментінің №150- НҚ және Алматы облысы бойынша департаментінің №253-НҚ 2020 жылғы 27 қарашадағы бірлескен бұйрықтарымен жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған 2021 жылғы тарифтің шекті деңгейінің 3 838,94 теңге/Гкал-дан 3 426,80 теңге/Гкал-ға дейін (ҚҚС есебінсіз) төмендегенін хабарлайды.