Кедергісіз білім

Кешенді қауіпсіздіктің жаңа моделін енгізу бойынша жобалық команда (Жоба) «АлЭС» АҚ және «Samruk Green Energy» ЖШС негізгі пайдаланушыларын оқытуды жүргізеді.Пайдаланушыларды кәсіби дайындыққа, ішкі жаттықтырушылардың тиісті құзыреттілігін қамтамасыз етуге тиісті білім беруге, дағдылар мен тәжірибе негізінде оқыту жобаның негізгі міндеті болып табылады.

Карантин кезеңінде оқыту қашықтық нысанына көшті. Осыған байланысты «АлЭС» АҚ және «SGE» ЖШС негізгі пайдаланушыларын/ішкі жаттықтырушыларын оқыту да қашықтықтан басталды. Барлығы 171 негізгі пайдаланушы оқытылады: - 168 «АлЭС» АҚ-да және 3 «SGE» ЖШС-де.Негізгі пайдаланушыларды топтарға бөліп, оқыту Skype, Zoom интернет-платформалары немесе осы жұмыс түріне ыңғайлы басқа қосымшалар арқылы жүзеге асырылады.Оқыту қорытындысы бойынша қызметкерлер жоба саласындағы үздік әлемдік практикаларды қолдану бойынша мынадай теориялық материалдарды меңгеретін болады:ӨҚ және ҚОҚ бойынша тәуекелдерді бағалау стандарты. Бұл норма «Самұрық-Энерго» АҚ және оның ЕТҰ аумағындағы жұмыстарға байланысты тәуекелдерді төмендету үшін жұмыстарды орындау және қауіпсіздік шараларын әзірлеу кезінде әлеуетті қауіпті факторларды анықтау және бағалау әдістеріне қойылатын бірыңғай талаптарды айқындауға арналған.Стандарт еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерінен басқа өнеркәсіптік қауіпсіздік, радиациялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы тәуекелдерді анықтау және бағалау тәсілдерін айқындайды. Ол сондай-ақ қауіпсіз жұмысты қолдауға және компаниялар тобындағы ӨҚЕҚҚО тәуекелдерін басқару тиімділігін арттыруға бағытталған.

Тағы бір маңызды стандарт – қауіпсіздіктің алтын ережелері. Стандарт еңбек қауіпсіздігінің түбегейлі талаптарын айқындау, оларды барынша танымал ету, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін тәртіптік жазалау шараларын күшейту арқылы компаниялар тобы жұмыскерлерінің еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің бірыңғай нормаларын қалыптастыруға бағытталған.Оқытуда қызметкерлерді қауіпсіз мінез-құлыққа ынталандыру туралы да көп айтылады. Осы Стандарт «Самұрық-Энерго» АҚ-да және оның еншілес және тәуелді ұйымдарында (ЕТҰ) қызметкерлердің қауіпсіз мінез-құлқын бағалау-уәждеу жүйесіне (БУЖ) қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды. Стандарт компаниялар тобы қызметкерлерінің қауіпсіз мінез-құлқына уәждемені арттыруға бағытталған.Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне тартудың мақсаты соңғысына өзінің кәсіби білімі мен дағдыларын дамытудың ішкі тілектерін іске асыруға, өзінің құзыреті мен кәсібилігін көрсетуге мүмкіндік беру болып табылады.

Көшбасшылық мінез-құлық аудитін жүргізу (КМҚА). КМҚА еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды басқару жүйесінің қосымша элементі болып табылады және болашақта қызметкерлердің қауіпті жағдайлары мен қауіпті іс-қимылдарын анықтауға, олардың алдын -алуға және болдырмауға бағытталған. Бұл интерактивті, жүйелі және құжатталған процесс, ол өндірістік тапсырманы орындау кезінде қызметкердің іс-әрекетін, оның жұмыс орнын / орнын бақылауға және қызметкер мен аудитор арасындағы кейінгі әңгімеге негізделген.Оқиғаларды есепке алу және тергеу. Кәсіпорынның осы стандарты оқиғалар туралы ақпараттандыру, оқиғаларды есепке алу, сондай-ақ оқиғаларды тергеу әдістеріне қойылатын бірыңғай талаптарды анықтауға арналған. Стандарт барлық оқиғаларды тіркеу, есепке алу және тергеудің ашық жүйесін енгізуге, сондай-ақ олардың түпкі себептерін анықтауға бағытталған.Оқиғаны немесе ықтимал қауіпті оқиғаны ішкі тергеудің мақсаты болашақта ұқсас оқиғаны болдырмау ниетімен оның түпкі себептерін анықтау, сондай-ақ оқиғаны/ ықтимал қауіпті оқиғаны тергеу барысында алынған сабақтар негізінде оларды өндірістік процестің барлық қатысушыларына жеткізу мақсатында қорытынды жасау болып табылады.