Бүгініңмен өмір сүр...

Исахан Ақтанұлы 38 жыл Алматы энергокешенінде еңбек етіп, оның ішінде 12 жыл 1-ЖЭО Басқарушы директоры қызметін атқаруда

2020 жылдың маусым айында кейіпкеріміз 60 жасқа толды. Исахан Ақтанұлы әңгіме барысында, осы жылдар бойы энергетика мамандығына адал еңбек етуінің сырын ашты.

- Ата-анаңыздың қайсысының сіз үшін беделі жоғарырақ болды?

- Әрине әкем, өзі Ұлы Отан соғысына қатысқан адам. Ол ұшқыш болған, соғыстан оралғаннан кейін ауылда мал дәрігері қызметін атқарды. Өкінішке орай, әкемнен ерте айрылдым, ол кезде мен мектепте оқитынмын. Екі бауырым бар, үшеумізді анам жеткізді. Анам мектепте бастауыш мұғалімі болды. Мен ата-анамның жас кезінде түскен, әдемі суретін әлі күнге дейін сақтаймын.

- Мамандық таңдауға кім әсер етті?

- Негізі бағыт беріп, осы энергетика саласын таңдауға түрткі болған – менің үлкен ағам. Ол сол кезде политехникалық университетте оқып, энергетика факультетін бітірді. Менің ойымша, осы жолды таңдағаным, бұл менің өмірімдегі үлкен жетістігім.

- Таңдаған мамандыққа жасаған алғашқы қадамыңыз?

-Мен 2-ЖЭО-де қазандық цехының слесарі болып жұмысқа тұрдым. Лауазым бойынша көтерілу үшін багерлік сорғы станциясының моторисі, кезекші слесарь және ГҚЖ қараушысы бойынша үш емтихан тапсыру керек болды. Мамандықтарды игерген соң, негізгі жабдықты қараушыға емтихан тапсыруға болатын. 10 жыл отын ұсақтау диірменінің машинисі, қазандық жабдықтары жөніндегі машинист-қараушы, 2-ЖЭО қазандық цехының аға машинисі болып еңбек еттім. Жабдықты егжей-тегжейлі зерттеу және түсіну үшін машинист болып ұзақ жылдар жұмыс істеу қажет. Өйткені, электр және жылу энергиясын өндіру бұл ұзақ, ауыр және қиын процесс. Қате өшіру, ауысу т.б. кішігірім қателіктің өзі, апаттық жағдайды тудыруы мүмкін. Әрбір шаңырақты жарық, жылу, ыстық сумен қамтамасыз ету үшін, бізде мыңдаған адам тынбай еңбек етеді. Менің ең басты мақсатым - энергетик болу емес, нағыз маман болу. 1992 жылдың мамыр айында қазандық цехының ауысым бастығы болдым. 2005 жылдың сәуір айынан бастап екі жыл Алматы 2-ЖЭО бас инженері болып жұмыс істедім.

Портретке салынған штрихтар
- Мен Исахан Ақтанұлының басшылығымен қазандық цехының багерлікк сорғы моторисі болып жұмыс істедім, сол кезде ол қазандық цехының бастығы қызметін атқарды. Исахан Ақтанұлының ерекшелігі - отансүйгіштік, адалдық, компания мақсаттарына адал, өзіне жауапкершілік алуға дайын, жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істеуге дайын болу. 2-ЖЭО басқарушы директоры Шаңлақбаев Асхат

- Энергетиктің бойында қандай қасиеттер болу керек?

- Бұл, ең алдымен, еңбексүйгіштік, жұмысқа қабілеттілік, кәсібіне берілгендік, отансүйгіштік және міндетті түрде, жаны романтик болуы керек. Осы қасиеттердің барлығын маған менің еңбек жолымның басында атақты энергетиктер Б. Е. Оразбаев, А. Н. Календарев, С. С. Сисенбаев және басқа да көптеген тәлімгерлер, әріптестеріммен достарым үйреткен.

- Жас мамандарға қандай ақыл-кеңес айтасыз?

- Еш нәрседен қорықпау керек. Көз қорқақ, қол батыр демекші. Ерінбеу керек. Көп оқы, ізден. Өз-өзіңді жетілдіруден жалықпа. Еңбек етсең-емерсің, ерінбесең – жеңерсің деп атам қазақ бекер айтпаған.

- Сіз кімді үлгі тұтасыз?

- Мен үшін үлгі тұтар тұлға - Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев. Бұл адам - біздің ұлтымыздың жанашыры. Қазір біздің қолымызда бар нәрсенің өзі, сол кісінің және оның замандастарының қалдырған мұрасы. Д.А. Қонаевтың кезінде Қазақстанның елеулі экономикалық өрлеуіне қол жеткізілді, республикамыздың өнеркәсіптік және энергетикалық әлеуеті едәуір өсті. Мен Баканаста Д.А. Қонаевтың туғанына 100 жыл мерейтойына қатыстым.

- Сізге қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға не көмектеседі?

- Бәлкім, менің біліктілігім, тәжірибем. Мен шешім қабылдауға үйренген адаммын. Менің шешімімді үйде де, жұмыста күтеді.

- Сіз нені ұнатпайсыз?

- Қорқақтық.

- Сіздің ұстанатын ұраныңыз бар ма?

- Қазіргі ең басты ұстанымым – ауырмау!

- Егер сізге өміріңізде бірдеңені өзгертуге мүмкіндік берсе, сіз нені өзгертетін едіңіз?

- Мен одан әрі, тереңірек және көбірек оқитын едім.

Портретке салынған штрихтар
- Исахан Ақтанұлы, жаны таза, жүрегі алтын, адал дос және дана тәлімгер адам. Кәсіби маман және білікті басшы. Аяулы жар, ардақты әке, асыл ата.
3-ЖЭО Басқарушы директоры Салимов Фазоил .

- Сіздің өміріңіздегі ең бағалы, ең маңызды сыйлық?

- Қараушы қызметін атқарып жүрген кезімде, мен Социалистік Еңбек жеңімпазы атандым, сонда маған қарапайым механикалық оятқыш сыйлады. Мен оны ұзақ қолдандым, тіптен бірнеше рет жөндеп те алғанмын. Ескі механикалық оятқыш - бұл ең керемет сыйлығым.

- Бос уақытты қалай өткізесіз?

- Немерелеріммен уақыт өткіземін. Менің үш балам және он немерем бар. Солардың үлкен азамат болып, өсіп-өнгенін армандаймын. Бильярд ойнаймын.

- Егер сіз өткен немесе қазіргі, болашақта болған кез-келген жайттың куәгері болсаңыз, қайсысын таңдар едіңіз?

- Бүгінгі күнмен өмір сүру керек. Өткеннен сабақ алып, оны есте сақтап, болашаққа мақсат қою. Қазіргі сәтпен өмір сүру керек.

- Жұмыс күніңіз қалай басталады?

- Мен ерте тұрамын, сағат 5.30, ал 7.00-де жұмыста боламын. Рапорттармен танысамын, бас қалқанға, содан кейін блоктық қалқаншаларды аралаймын. Сағат 8.00 - де күнделікті жұмыс басталады, жиналыс т.б.

Портретке салынғн штрихтар
- Исахан Ақтанұлының басшылығымен екі қазандық агрегаттың күл өткізбейтін қондырғыларын қайта құру, 1-ЖЭО жабдықтары мен құрылыстарынан ағын суларды жою, энергетикалық қазандық агрегаттардың жанатын құрылғыларын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қ. әкімдігінің тапсырысы бойынша «Алматы қ. 2-ЖЭО жылу қабылдау үшін 1-ЖЭО қайта құру» жобасы жұмысқа енгізілді.
- Исахан Ақтанұлының басшылығымен екі қазандық агрегаттың күл өткізбейтін қондырғыларын қайта құру, 1-ЖЭО жабдықтары мен құрылыстарынан ағын суларды жою, энергетикалық қазандық агрегаттардың жанатын құрылғыларын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қ. әкімдігінің тапсырысы бойынша «Алматы қ. 2-ЖЭО жылу қабылдау үшін 1-ЖЭО қайта құру» жобасы жұмысқа енгізілді.

- Ерекше есіңізде қалған қызықты оқиғаларыңызбен бөліссеңіз?

- Менің есімде қалған бір жағдай бар. Сексенінші жылдардың соңында, мен станцияның екінші қалқанында жұмыс істедім. Алматыда жер сілкінісі болды, мен есік ойығына тұрып алдым. Әлсін-әлсін пультке қараймын. Жұрт әбігерлене бастады. Бір кезде бәрі тынышталды. Сол кезде турбина цехын қараушылардың бірі Олег Кащаев кіріп келіп: «Исахан, мен бірдеңе бүлдірдім. Мені суық құбырды жылытуға жіберген еді. Ысырманы сәл-сәлден аша бастадым. Дәл сол мезетте жер сілкінді. Жұрт әрлі-берлі жүре бастады. Мен ысырманы қатты ашып, оны тез жапқанда, бәрі тыныштала қалды», - деді. Расы керек, алдымен мен әңгімесін түсінбей қалдым. Қайталап аға машинистке айтқанда ғана түсіндік, ысырманы ашқан кезде дәл сол мезетте, жер сілкінісінің де болғанын. Біз әлі күнге дейін осы оқиғаны есімізге алып, күлеміз.

Екінші жағдай тоқсаныншы жылдың қыс айында болды. Өте суық болатын. Бізде дәнекерлеу тігісі бойынша бір құбыр жарылды. Апатты дереу жою қажет болды. Ол үшін құбырды босату керек еді. Ал мұны істеу қиын, себебі құбыр көп километрлер созылып жатыр. Сөйтіп мердігер ұйымның жұмысшыларымен тігісті дәнекерлейтін болдық, құбыр жарылып кетеді, қайтадан жасаймыз, ол тағы жарылады. Тесіктер бұрғыланды, бірақ әлі де су жиналады. Біз кешкі сағат 6-дан таңғы 4-ке дейін алшақтықты жойдық. Далада 18 градус аяз, тізеге дейін су мен қарға бастқасын үсіп қалдық. Бірақ таңқалғаным, ешкім ауырған жоқ. Міне, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыла жасаған іс.

- Болашаққа жоспарыңыз қандай?

- Жас мамандардан ізбасарлар дайындау. Болашақ жастардың қолында. Станцияда талантты, жауапты жастар жұмыс жасайды. Менің басты мақсатым кадрларды сақтау, технологиялық бұзушылықтарға жол бермеу және кадр резервін дайындау. Қазір бүкіл әлем covid-19 індетіне тап болғанда, баршаңызға мықты денсаулық, біздің компаниямыз – өркендеу тілеймін!

Портретке салынған штрихтар
Исахан Ақтанұлының тікелей қатысуымен Алматы 1-ЖЭО табиғи газды жағуға толық көшуді жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыс орындалды.
Тұзсыздандырылған суды дайындау үшін кері осмос жабдығын пайдалану мүмкіндігі бағаланды. Ол Алматы 1-ЖЭО Химиялық цехында кері осмос жабдығын орнату жөніндегі жұмыс тобын басқарды. Осы қондырғыны іске қосқаннан кейін күкірт қышқылының қауіпті реагенттерін тұтыну 2,7 есе, сілті 2,1 есе қысқарды.
Исахан Ақтанұлы жоғары кәсіпқойлық пен міндеттерді нақты түсінуді ЖЭО-1 қорғау бойынша кешенді жүйені енгізу, ЖЭО-1 жеке бас тоғанының құрылысы, ЖЭО-1 бойынша жарықтандырылған құбырды және басқа да көптеген жобаларды енгізу мен іске асыруды қамтамасыз етті.