«АлЭС» АҚ 2019 ж. реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша есебіне тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында онлайн форматында жария тыңдау өткізу туралы ақпарат

«Алматы электр станциялары» АҚ 2019 жылдың қорытындысы бойынша жария тыңдау түріндегі есептің өткізілуі 2020 жылғы 29 мамыр айына тағайындалғаны туралы хабарлайды. Алайда, Алматы қаласының мемлекеттік Бас санитарлық дәрігерінен алынған хатқа байланысты аталған іс-шара Zoom платформасында электронды байланыс құралдарын қолдану арқылы онлайн форматта өткізілетін болады. Бейнеконференцияға қосылуға сілтеме www.ales.kz кәсіпорын сайтында Жария тыңдаулар басталғанға дейін беріледі.
Жария тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі:

  • сағат 16.00-де спикер баяндама оқиды (есеппен);
  • баяндама регламенті 25 минут;
  • тыңдаушылар есеп беру бөлімі аяқталғаннан кейін сұрақтар қояды;
  • сағат 17.00-де жария тыңдаудың аяқталуы.

Конференция сәйкестендіргіші: 718 623 0158

Пароль: 1234!

Тұсаукесер

Тұсаукесерді көшіріп алу