Сисенбаев Серго Сейсенбайұлын ерекше құрметпен еске аламыз

Өз ісінің шебері, жоғары білікті маманның ортамыздаН кеткелі 10 жыл уақыт шамасы да өте шықты

Серго Сейсенбайұлы 1938 жылы 23 ақпанда Орал облысы Тайпақ ауданы Қалмықово ауылында дүниеге келген.Еңбек жолын 1957 жылы бастаған. 1978 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы 2-ЖЭО жабдықтарын жинақтау бөлімінің аға инженері болып ауысты, ал 1979 жылы Алматы 2-ЖЭО-де жылу автоматикасы және өлшеу цехы ұйымдастырылған кезде, Серго Сейсенбайұлы цех бастығы лауазымына шақырылды.Бүгін таңда «АлЭС» АҚ-да энергетикаға жастайынан келіп, сонау қиын 90-шы жылдары станцияның үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен адамдар жұмыс істейді.Сол қиын кездерде Серго Сейсенбаевичпен бірге еңбек еткен энергетиктер: С.С.Тютебаев., Н.Т.Мухамед-Рахимов., А.Н.Календарев., Р.Л.Мухамедгалиев., Г.Ж.Исмухамбетов., С.К.Калиев., А.К.Шанлакбаев., Г.С.Жаңбыршы., Б.Т.Шоламбаев., В.И.Бычков., Ф.Ф.Салимов., Е.А.Сасыков., Б.А.Сабырқұлов., Т.Е.Уакасов., А.А.Берденов.Олардың барлығы үшін Серго Сисенбайұлы тәжірибелі энергетик болып қана қоймай, сонымен қатар аға, жолдас, дос, әрі әрдайым қолдау көрсете білетін, дұрыс бағыт пен кеңес бере алатын тәлімгер бола білді.Әріптестері Серго Сейсенбайұлын ерекше құрметпен еске алып, оның адами қасиеттері, қайырымдылығы, тәрбиелігі, қарапайымдылығы және әзілқойлығы туралы айтады. Осы күнге дейін олар Серго Сейсенбайұлының өмірінен қызықты оқиғаларды еске алып отырады.

- Осындай жағдайлардың бірі 1996 жылы орын алды. «Алматы Пауэр Консолидейтед» ЖАҚ - қа ауысқаннан кейін Қазақстан Республикасының энергетикалық секторын жекешелендіру аясында жабдықтарға қосалқы бөлшектерді Мәскеу облысы Серпухов қаласынан тапсырыс бердік,-деп әңгімеледі 1-ЖЭО Басқарушы директоры Исахан Ақтанұлы Сырғабаев. Бірде Нұрлан Тауфикұлы Серго Сейсенбайұлының үйіне қоңырау шалып, салмақты дауыспен:

- Сізге Серпухов қаласынан хабарласып тұрмыз. Неге қосалқы бөлшектеріңізді алып кетпейсіз?,-деп әзілдеген.

Аң-таң болған Серго Сейсенбайұлы:

- Бізді сатып жіберді....

- Неге сатылып кеттіңіз?

- Бізден ешкім сұраған жоқ!

Біз көпке дейін осы жағдайды күліп есімізге алатынбыз. Серго Сейсенбайұлының ерекше әзілқой қасиетін атап өтуге болады. Ол кісімен кез-келген тақырыпта әңгіме қозғауға болатын.

Үлкен еңбексүйгіштік, шығармашылық белсенділік, ұйымдастырушылық қабілеттер барлық туындаған мәселелерді шешуге, цехтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және мықты ұжым құруға мүмкіндік берді.Әрқашанда жас мамандармен тәжірибе мен білімдермен бөлісті. Серго Сейсенбайұлы Д.С. Жаңбыршы., М. М Ергарин., Джамбаев К. К., Тагатов С. А., Масанов В. Н., Ерилов А. И., Чембарцев А. А., Малых П. Г., Джумадилов Т. Д., Ткачев В. М., Тулегенов Т. К. сияқты білікті мамандардың бір буынын тәрбиеледі.

Серго Сейсенбайұлы энергетика саласында жұмыс істеген уақытта Қазақстан Республикасының энергетикасын дамытуға үлкен үлес қосты,энергетиканың инженерлік мәселелерін терең түсініп, жұмыстың ең озық әдістерін қолдана алатын техникалық сауатты маман ретінде өзін көрсетті. Ол белсенді өнертапқыштардың бірі болып табылады.Жұмыс барысында станция жабдықтары жұмысының сенімділігін арттыруға бағытталған және экономикалық тиімділігі көтермелеуге бағытталған ұжымдық және жеке-дара, 22 өнертапқыштық ұсыныстар ұсынды. Олар: деаэрленген судың температурасын және деаэраторлардың вакуумын реттеу сұлбасын өзгерту. № 1 ÷ 5.     1977 жылы жемісті және адал еңбегі, жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін Серго Сейсенбайұлы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды және еңбек жолында бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, медальдармен марапатталды, алғыс пен атақ алды.

Серго Сейсенбайұлы жұмыстан басқа тағы бір үлкен жетістігі -отбасы. Жұбайы Нұрғалиева Сания Зулбухаровнамен бірге төрт бала мен сегіз немере тәрбиеледі. Серго Сейсенбайұлы қамқор әке және сүйікті ата болды.

Өкінішке орай, биылғы жылы ең үздік энергетиктердің бірінен айрылғанымызға 10 жыл болды. Бірақ бұған қарамастан, біз өз ісінің білікті маман және өз ісінің шебері, дара тұлғамен жұмыс істеу бақытына бөленгенімізді есте сақтаймыз және мақтан тұтамыз. Серго Сейсенбайұлымен әріптес болғанымызға, тағдырға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Серго Сейсенбайұлының туған-туысқандары мен жақындарына денсаулық және амандық тілейміз. Жаны жаннатта болсын!

1-ЖЭО Басқарушы директоры

И.А. Сырғабаев өз естеліктерімен бөлісті