АлЭС: адамға қамқорлық

АлЭС: забота о человеке
Забота, то есть внимание к другим,
- это основа хорошей жизни,
основа хорошего общества.
Конфуций

Күнделікті өмірде әрқайсымыз жұмысқа барамыз, оған үйренеміз, сөйтіп күндер, айлар, жылдар өтеді. Жұмыс біздің екінші үйімізге, әріптестеріміз – жақын адамдарға, кейде тіпті достарымызға айналады. Біздің жұмысымыз бар, осы жұмысты орындау барысында жүктелген міндеттер бойынша жауапкершілік аламыз, өзімізді отбасымызға, компанияға, қалаға, елге қажет немесе керек екенімізді сезінеміз.Бірақ бәрі бір сәтте өзгеруі мүмкін. Адам аяқ асты болған жарақаттың кесірінен ауырып, адамды бір мезетте дәрменсіз қылып, өзінежүктелген міндеттерді атқара алмай, сүйікті жұмысын жоғалту қаупі пайда болуі мүмкін. Дәл осындай жағдай Батыс жылу кешенінің электр техникалық цехының электрмонтері Евгений Климохиннің басына түсті.

Евгений Львович бір күніжұмыстан үйіне қайтқанда, автобустан түсе бере құлап, бас жарақатын алды. Содан бері уақытша жадыны жоғалту, ауруханалар, талдаулар, жұмыстан шеттету мәселелері басталды. Жұмыстан босату уақыты да жақындады, сонымен бірге өмір сүруге қаражатсыз қалатыны бар, ал мүгедектікті ресімдеуге диагностикалық және емдеу іс-шараларынан өту, стационарлық тексеруден өту тәртібі демекші, уақыт пен қаржыға тіреледі. Евгений Львовичтің қасында жақындары болмағасын, жалғыз өзіне ауырға соқты. Балалары жоқ, зайыбы қайтыс болды,ал бас жарақаты мен жадының мезгіл-мезгіл жоғалуына және кеңістіктегі қашуға бағытталуына байланысты, ол болып жатқан оқиғаның барлық маңыздылығын түсінбеді.

Мұнда«Жұмыс» яғни «АлЭС» өзінің жұмысшысына қамқорлық жасай бастайды.

Электр техникалық цех бастығы Вадим Ветлугин Евгений Климохинге өз жұмыскерін бекітті. Дінмұхамед Клюков оның ауруханаларда, азық - түлік алуға, дәріханаға барғанда қасында жүріп көмектесті, әрдайым қажетті сәтте қасында болды, оған баласы секілді қамқор ете білді.

- Біз бәрін түсіндік, Евгений Львовичті жалғыз қалдыруға болмайды, енді ол үшін жалғыз туыстар-бұл оның ұжымы және оған қамқорлық жасау. БЖК басшылығы Евгений Львовичке көмек және қолдау көрсету бойынша жұмысты бастады: 2020 жылғы 22 тамызда материалдық көмек көрсету туралы, оны зейнеткерлік жасқа дейін ұзарту мүмкіндігі туралы хаттар, қолдаухаттар жазды. Компания басқармасы БЖК ұжымының өтінішін қолдады, - деді БЖК басқарушы директоры Әлібек Тастанбеков. - Климохин Евгений Львович энергетикада 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, әріптестерінің қолдауынсыз қалған жоқ. Баршаңызға алғысым шексіз, зор денсаулық тілеймін!

Бұл Жақсылық адамдардың басқаның ауыруына немқұрайлы екенін дәлелдейді. Қайырымдылық пен қамқорлық әлеуметтік мәртебеге, қызметке және мансапқа байланысты емес. АлЭС-бұл бір-біріне қамқорлық жасайтын,«азамат» деген атқа лайықты адамдар жұмыс істейтін бірыңғай команда.